Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 146
- Дата принятия
- 10.05.2005
- Показанная редакция
- 10.05.2005 · действующая 23611_351496.kaz
- Последнее изменение
- 10.05.2005
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05NF000006
- Идентификатор ЭКБ
- 23611
- Идентификатор редакции
- 23611_351496
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:44
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» Заңының 5, 7-баптарын басшылыққа ала отырып Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
3 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 10 мамырдағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Аталмыш нұсқаулық аудан тұрғындарының ішіндегі нысаналы топтардың ішіндегі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдардың (қандайда меншік түріне қарамастан) есеп айырысуын және негізгі шарттарын реттейді.
2 2. Аталмыш нұсқаулықта қолданылып отырған негізгі түсініктер мен ұғымдар:
1 1) Әлеуметтік жұмыс орны - аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмыс берушілермен жазбаша түрде келісімін ала отырып, жұмысқа орналастыру, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің еңбек ақысына жұмсалған қаражатты жартылай бөліп өтеу;
2 2) Нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп отырған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар тобы.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтары бойынша зейнетақымен қамтамасыз етіліп және сақтандырылады.
4 4. Жергілікті өкілетті органдар аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға көмектеседі.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру тәртібі
5 5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражаттары арқылы қаржыландыру мақсатында құрылып, осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жартылай жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен мәслихаттың шешіміне сәйкес еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілерге қызмет көрсету мақсатында, аудан тұрғындарының нысаналы топтарынын ішіндегі жұмыссыздарды жұмыска орналастырып, оларды бөліп төлемақы төлеуге келісім-шартқа отыруы керек.
7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз ету және еңбекақыға төленетін бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында аудан әкімдігі аудан тұрғындарының нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісіміне сәйкес мекемелердің тізбесін анықтайды. Бүл тізбеге әлеуметтік жұмыс орнына орналасатын жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаржысы есебінен еңбекақы төлейтін мекемелер кірмейді, тек қана өз қаржысы есебінен төлейтін жұмыс берушілер бүл тізбеге кіреді.
8 8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келісімге сәйкес жүзеге асырады.
9 9. Жұмысқа орналастыру артықшылық құқығы аз қамтамасыз етілген жұмыссыздар кіретін нысаналы топтардан, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылады.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу ай сайын жеке еңбек шартындағы көрсетілген шарттарға сәйкес жұмыстың саны, сапасы және жұмыстың ауырлығына байланысты жұмыс беруші жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орнына тартылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу қаржы көздері аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.