Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 141
- Дата принятия
- 25.05.2005
- Показанная редакция
- 25.05.2005 · действующая 24089_374778.kaz
- Последнее изменение
- 25.05.2005
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05CK000008
- Идентификатор ЭКБ
- 24089
- Идентификатор редакции
- 24089_374778
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:42
0 Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын, «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №141 «Сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді:
1 1. Жазғы сауықтыру орындарында балалар арасында жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында 2005 жылғы 1 маусымнан 21-маусымға дейін аудан аумағында ұйымдастырылатын сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауы өткізілсін.
2 2. Аудандық білім және спорт бөліміне (Қ. Жонысов):
сауықтыру орындарын қыздырғыш технологиялық, тоңазытқыш құрал-жабдықтармен, өндірістік керек-жарақтармен ас бөлмелік және асханалық ыдыс-аяқтармен, тиісті мөлшерде жуушы және дезинфекциялаушы заттармен
қамтамасыз ету;
оларды шаюды және дезинфекциялауды қарастыра отырып, ауыз сумен қамтамасыз ететін көздерді тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру;
жазғы сауықтыру орындарының аумақтарын тазарту және абаттандыру, ойын және спорт алаңдарын дайындау;
балалардың толыққанды тамақтануының ұйымдастырылуына, тамақ әзірлеу технологиясының сақталуына тұрақты зертханалық бақылау жүргізу;
сәйкестік сертификаты, гигиеналық қорытындысы, ветеринарлық куәлігі жоқ
тағамдарды сатып алуға жол бермеу;
жазғы сауықтыру орындарында балалардың жеке басының гигиенасын, дезинфекциялау режимін, санитарлық жай-күйін, тұру жағдайын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылсын.