Перейти к тексту документа

Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы

Иной акт · № 143 · принят 06.06.2005
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 25.04.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-24701/?version=AI24701_1.kaz
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы Утратил силу Иной акт ·№ 143 ·06.06.2005
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАуғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 143 · принят 06.06.2005

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы
Наименование (каз.)

Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
143
Дата принятия
06.06.2005
Показанная редакция
25.04.2009 · действующая AI24701_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
25.04.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V05CA000015
Идентификатор ЭКБ
24701
Идентификатор редакции
AI24701_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 18:38

0

Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қағидасын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес және Жергілікті соғыстар мүгедектерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің өтінішіне байланысты, Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу, су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды тазалау, лифтпен қызмет көрсету) және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну Қағидасы бекітілсін (қосымша ретінде тіркелген).

2 2. Осы шешімнің орындалуы "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Н. Бөртебаева) жүктелсін.

3 3. Коммуналдық және байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдардың аталмыш жеңілдіктерді көрсету шығындарын өтеуге арналған қаржыны мерзімінде бөлінуі "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Д. Бимағамбетов) жүктелсін.

4 4. Осы Шешім 2005 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

5 2005 жылғы 6 маусымдағы

Ақтөбе қалалық
мәслихатының кезекті
он сегізінші сессиясының
N 143 шешіміне
қосымша
Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия
алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен
олардың отбасы мүшелеріне және әскери қызметін өтеу кезінде
құрбан болған жауынгерлердің ата-аналарына коммуналдық (жылу,
су, газ, электрмен жабдықтау, канализация, қоқыстарды
тазалау, лифт қызметі) және байланыс қызметтерінің ақысын
өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну
Қағидасы

1

1. Тұрғын үй коммуналдық және байланыс қызметтері бойынша жеңілдіктер алуға Ауғаныстанда әскери қызметін өтеу барысында жарақат, контузия алған, жарымжан немесе мүгедек болған әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері және әскери қызметін өтеу кезінде құрбан болған жауынгерлердің ата-аналары құқылы.

2 2. Мүгедектер, олармен бірге тіркеуде тұратын отбасы мүшелері және құрбан болғандардың ата-аналарына көрсетілетін тұрғын үй коммуналдық және байланыс қызметтерінің ақысын өтеу бойынша жеңілдіктер ұсыну қалалық бюджеттен қаражатталынады.

3 3. Тұрғын үй және байланыс (абоненттік төлем) қызметтері бойынша жеңілдіктер, мүгедектердің, отбасы мүшелері және құрбан болған жауынгердің ата-аналарына тұрғын үй меншік иесі немесе пәтерді пайдаланушы болуына қарамастан беріледі.

Жеңілдіктер орталықтандырылған және жекеленген жылыту, ыстық - салқын сумен жабдықтау, канализация, тамақ әзірлеуге арналған газ, электр қуатымен жабдықтау, қоқыстарды тазарту, лифт, байланыс қызметтері (абоненттік төлем) бойынша ұсынылады.
Орталықтандырылған және жекелендірілген жылыту жеңілдіктері бір адамға 18 шаршы метр пайдалы көлемі, бірақ тұрғын үйдің нақты жалпы көлемінен аспайтын, мөлшерде ұсынылады.
Электр қуатымен жабдықтауға тиесілі жеңілдіктердің айлық мөлшері төмендегідей:

1 1. құрамы 1 адамнан тұратын отбасына айына - 50 кВт;

2 2. құрамы 2 ден 5 адамға дейін тұратын отбасына айына - 100 кВт;

3 3. құрамы 5 немесе одан да көп отбасына айына - 150 кВт.

Электр плитасымен жабдықталған үйлерде тұратын отбасыларына айлық мөлшері төмендегідей мөлшерде артық болады:

1 1. құрамы 1 адамнан тұратын отбасына 50 кВт;

2 2. құрамы 2 немесе 5 адамнан тұратын отбасына 50 кВт;

3 3. құрамы 5 және одан көп адамнан тұратын отбасына 200 кВт.

Коммуналдық және байланыс қызметтері бойынша (абоненттік төлем) жеңілдіктер бекітілген тарифке сәйкес ұсынылады.
Коммуналдық қызметті тұтынуды есептегіш қондырғылары барларға жеңілдіктер нақты есептегіш көрсеткіші бойынша, бірақ белгіленген тариф мөлшерінен асырмай төленеді.

4 4. Мүгедектер және құрбан болған жауынгерлердің ата - аналарының тізімін жасау және бекіту "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

"Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекітілген және жыл ішінде өзгертулер енгізіліп өзгертілген тізімдер қызмет көрсетушілер мен "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолданады.

5

5. Жеңілдік алу үшін мүгедектер және құрбан болған жауынгерлердің ата-аналары "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне коммуналдық және байланыс қызметтеріне тиесілі төлемақы аудару туралы арыз беріп, келесі құжаттарын тапсырады: жеке куәлік, жеңілдік құқығын ұсынатын куәлік, үй кітабы, үй немесе пәтердің техникалық төлқұжаты. Аталмыш құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады.

6 6. Тұрғын үй коммуналдық және байланыс (абоненттік төлем) қызметтері бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардың жеңілдіктер өтеуі шығындары бір айдан аспаған мерзімде тапсырылған шоттары негізінде "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.