Перейти к тексту документа

Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы

Постановление · № 202 · принят 28.06.2005
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-24808/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы Действует Постановление ·№ 202 ·28.06.2005
Редакция от 28.06.2005
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 28.06.2005. Это последняя редакция в корпусе.

Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы

Действует Постановление ·№ 202 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы
Наименование (каз.)
Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
202
Дата принятия
28.06.2005
Показанная редакция
28.06.2005 · действующая 24808_246059.kaz
Последнее изменение
28.06.2005
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V05VJ005104
Идентификатор ЭКБ
24808
Идентификатор редакции
24808_246059
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 18:34

0 Жергілікті мәнде төтенше жағдайлар жариялау туралы

2005 жылғы 19 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 17-15 Шар қаласы аумағынан Шалабай, Жанаауыл, Кезенсу, Черниговка,Үкілі селолары бағытында жарты сағат бойында қатты дауылмен бұршақ аралас нөсерлі жаңбырдың салдарынан жоғарыда аталған аймақтар недәуір материалдық шығынға ұшырады. Электр байланыс жүйелері зақымдалды. Электр тоғынан бір адам мерт болды, екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13,19-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес келтірілген шығындарды қысқа мерзімде қалпына келтіру жөнінде қауырт жұмыс жүргізу мақсатында Жарма ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2005 жылғы 20 маусымда Жарма ауданында жергілікті масштабта төмендегі елді-мекендерде: Шалабай, Жанаауыл, Кезенсу, Черниговка, Үкілі, Малай және Шар қаласына төтенше жағдай жариялансын.

2

2. Аудандық төтенше жағдай бойынша комиссия аудандық жою комиссиясын құрсын, төтенше жағдайды жою туралы график жасасын, электр, байланыс жүйелері қызметтерінің апаттан құтқару құрылымдарын, Шар қаласы, Шалабай ,Божығұр селолық округтердегі ерікті құтқару топтарын техникамен және адамдар күшін Божығұр, Шалабай селолық округтер әкімдерімен бірге отырып қатты дауылдың салдарынан болған апатты жоюға жұмылдырсын.

3 3. Аудандық төтенше жағдай комиссиясы аумақтық -әкімішілік бірлік әкімдерін қатыстыра отырып, қатты соққан дауылдың салдарынан болған шығындарды анықтасын. ШҚО төтенше жағдай және жұмылдыру әзірлігі Департаментіне материалдарды (есептерді) уақытында берсін.

4 4. 0сы қаулыға бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы Қ.Шаяхметовке жүктелсін.

Действующая