Перейти к тексту документа

Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы

Постановление · № 15-2 · принят 11.07.2005
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-25112/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы Утратил силу Постановление ·№ 15-2 ·11.07.2005
Редакция от 11.07.2005
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 11.07.2005. Это последняя редакция в корпусе.

Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 15-2 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Наименование (каз.)
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
15-2
Дата принятия
11.07.2005
Показанная редакция
11.07.2005 · действующая 25112_296890.kaz
Последнее изменение
11.07.2005
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V05ZJ000006
Идентификатор ЭКБ
25112
Идентификатор редакции
25112_296890
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 18:32

0 Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аса мұқтаж отбастарына қаражат жіберу мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

2 2. «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы» № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

4 4. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 7 маусымдағы №11-10 «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысының күші жойылсын.

Келісілді:
Аудандық аумақтық медициналық
бірлестігің директоры
А.Дүйсенғалиев

5 Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

№ 1 қосымша
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
11 шілдедегі № 15-2
қаулысымен бекітілген
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Нұрғалиев Муса Ыбырайұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары
Хамза Рахымжан Орынбайұлы – аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі
Нысангалиев Ерлан Беркінұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы
Дүйсенғалиев Асхат Габделгазезұлы – аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің директоры /келісім бойынша/

6 Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

Аудан әкімиятының 2005жылғы
11 шілдедегі № 15-2 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

1 1. Жалпы қағидалар.

1 1. Жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем ауданның аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қорғалмаған көмекті аса қажет ететін азаматтарына қажет етіледі.

2 2. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы, белгіленген кедейлік шегінен аспайтын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіледі.

3 3. Ауылдық округтегі комиссия жеке адамның материалдық жағдайын тексеруден өткізгеннен кейін әлеуметтік төлемді қажет ететін болып танылады.

4 4. Қажеттілік себебіне байланысты бір адамға әлеуметтік төлем жылына бір реттен көп төленбейді.

5 5. Азқамтылған азаматтарға әлеуметтік төлемді төлеу аудандық бюджеттен қаржыландыру арқылы қарастырылады.

2 2. Әлеуметтік төлем құқығы.

6 6. Әлеуметтік төлемді ауданның тұрақты тұрғындары, әлеуметтік қолдауды қажет деп танылған азаматтардың алуға құқығы бар.

7

7. Әлеуметтік төлем алуға басымдылық құқығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, туберкулез ауруымен ауратындарға, ауданның құрметті азаматтарына, аз қамтылған азаматтарды жерлеу үшін, аз қамтылған азаматтарды құжаттандыру үшін, зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен азаматтарға қатты отын алу үшін, аз қамтылған жанұялар өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған жанұялардың студенттерінің оқуын төлеуге, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлеріне.

8 8. Онан басқа бір жолғы әлеуметтік көмек алуға өмір сүруге ешбір қаражатсыз қалғандар, өздерінен тәуелсіз жағдайға ұшырағанда /өртте, ұзақ уақыт ауырған кезде/ алуға құқығы бар.

3 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі.

9 9. Әлеуметтік төлем алуға үміткер азаматтар аудандық комиссия төрағасының атына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді. Өтенішке қоса тізімде көрсетілген құжаттар беріледі.

10 10. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеруге рұқсат бермесе әлеуметтік төлем төленбейді.

11 11. Аудан әкісі жанындағы аудандық комиссия өтінішті, тексеру актісін және басқа қажет құжаттарды қарайды және сәйкес шешім қабылдайды.

12 12. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің мәліметтерінің толықтығына жауап береді.

13 13. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек керектігін анықтаған соң, төлем мөлшерін анықтайды.

14 14. Әлеуметтік төлем аудан әкімі жанындағы комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Жиынтық кірісті есептеп шығару.

15 15. Әлеуметтік төлем алу құқығын анықтау үшін өтініш берген айдың алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық кіріс табысы есептеледі.

16 16. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшелерінің барлық табысы есептеледі.

5 5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері

17 17. Бір жолғы материалдық көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға - 3000 тенге.

18 18. Бір жолғы материалдық көмек кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға емделуге 5000, операцияга 10000 тенге

19 19. Бір жолғы материалдық көмек туберкулез ауруымен ауыратындарға 5000 тенге

20 20. Бір жолғы материалдық көмек ауданның құрметті азаматтарына және қарттар күнін мейрамдауға 1000 тенге

21 21. Біржолғы материалдық көмек жерлеу үшін 1000 тенге

22 22. Бір жолғы материалдық көмек табысы жоқ азаматтарды құжаттандыру үшін 3000 тенге

23 23. Бір жолғы материалдық көмек зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен болғанда қатты отын алу үшін 4000 тенге

24 24. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған жанұяларға қорасы өртке ұшыраған жағдайда – 10000 тенге, үйі өртенген жағдайда 50000 тенге.

25 25. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 10000 тенге

26 26. Бір жолғы материалдық көмек Жеңіс күнін мейрамдау үшін ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ұлы Отан Соғысының жесірлеріне 5000-10000 тенге

6 6. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілердің беретін қажетті құжаттар:

27 27. Әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін мына құжаттар қажет:

1 1) әлеуметтік көмек алуға өтеніш берушінің өтініші.

2 2) отбасының құрамы көрсетілген, жиынтық табысы көрсетілген ауылдық әкім жанындағы комиссия қол қойған зерттеу актісі:

3 3) жұмыссыз отбасы мүшесі өлген жағдайда АХАЖ бөлімінен өлімі туралы куәлік көшірмесі /зейнетақы төлеу орталығынан жерлеу көмегі тиісті азаматтардан басқа/.

Действующая