Аудандағы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандағы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандағы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 188
- Дата принятия
- 11.07.2005
- Показанная редакция
- 11.07.2005 · действующая 25113_296873.kaz
- Последнее изменение
- 11.07.2005
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05ZE000008
- Идентификатор ЭКБ
- 25113
- Идентификатор редакции
- 25113_296873
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:32
0 Аудандағы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» № 149 (тіркеу № 2930) қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі бекітілсін (жалғанды).
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға жүктелсін.
3 Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 11 шілдедегі №188
қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі
Осы Ереже халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1
1) әлеуметтік жұмыс орыны – халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды арнайы жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген, жергілікті бюджет есебінен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс берушілер жалақы төлеу шығынының бір бөлігіне өтемақы жасайтын жұмыс берушілердің ашқан немесе ұсынған жұмыс орны;
2 2) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.
3 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жұмыссыздарға жолдама беруді жүзеге асырады.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі
4 4. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын аудандық бюджет қаражаты есебінен жұмысқа қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу шарты негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе ашады.
5 5. Әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктеу, тізбесін анықтау мен әлеуметтік жұмыс орындарының санын, мерзімі және қаржыландыру шартын аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп айқындайды.
6 6. Мекемелерді іріктеу кезінде әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуына кепілдік беретін кәсіпорындар мен ұйымдарға басымдылық беріледі.
7 7. Аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына олардың келісімімен жібереді.
8
8. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы еңбек қатынастарын өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп есептен шығарылып тасталады және уәкілетті органға қайтадан тек қана тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін қайтадан жіберілуі мүмкін.