Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
ҚАЗСәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 221
- Дата принятия
- 02.09.2005
- Показанная редакция
- 02.09.2005 · действующая 25370_266598.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 02.09.2005
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05KF000009
- Идентификатор ЭКБ
- 25370
- Идентификатор редакции
- 25370_266598
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:24
0 Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасын бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы № 155 Кодексінің 310, 311 баптарына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлнуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғай мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі
XX сессиясының №221
шешімімен бекітілген
Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ұстау
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағида Сәтбаев қаласының аумағында ауыл шаруашылығы малдарын және үй жануарларын ұстайдың (бұдан әрі -Қағида) шарттарын және осы қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілеу мақсатында әзірленген.
2 2. Қағида Сәтбаев қаласы аумағындағы ауыл шаруашылық малдарының, ит, мысық жжәне басқа да үй жануарларының иелеріне, сонымен қатар ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға таралады.
3 3. Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жіне «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
4 4. Осы Қағиданың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Сітбаев қалалық аумақтық басқармасына және Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Сәтбаев қаласы бойынша филиалына жүктеледі.
2 2. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй жануарлары иелерінің құқығы
5 5. Кез- келген жануар өзінің иесінің меншігі болып табылады және барлық меншік сияқты заңмен қорғалады.
3 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
6 6. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелері:
1 1) жануарларға мейірімділікпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, олардың қаңғыбастығына жол бермеуге, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;
2 2) әрбір жануарға ветеринариялық паспорт алуға және оларды бірдейлендіруге;
3 3) Ауыл шаруашылық малдарын ұстаудың ветеринариялық санитарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластауға жол бермеуге;
4 4) Ауыл шаруашылық малын ұстайтын жерлерді, олардың азықтарын жинайтын және қайта өңдейтін орындарды, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтайтын ғимараттарды санитарлық жағдайда ұстауға, жүйелі түрде дезинфекциялау шараларын жүргізуге;
5 5) мал алғандығы, олардан алынған төл туралы, сойғаны, сатқаны, жоғалтқаны немесе өлгендігі туралы деректерді қаланың ветеринариялық қызметіне хабарлап отыруға;
6 6) малды сату үшін сояр алдында оны ветеринариялық тексертуге және сойғаннан кейін оның ұшасы мен ішкі құрылыстарын ветеринариялық -санитарлық сараптаудан өткізуге;
7 7) өлген малдың өлекселерін ветеринариялық ережелерге сәйкес жоюға;
8 8) мемлекеттік ветеринариялық мекемелер мамандарының талабы бойынша малды қарау, диагностиқалық тексерістен өткізу және емдеу -алдын алу шараларын жүргізу үшін тиісті орындарға уақытылы жеткізуге міндетті.
4 4. Үй жануарлары иелерінің құқықтары
7 7. Азаматтар ит, мысық және басқа да үй жануарларын ұстауға құқылы:
1 1) бір отбасы тұратын жеке пәтерлерде және туысқандық байланысы жоқ бірнеше отбасы тұратын пәтерлерде тұрғындардың барлығының келісімімен және оларда медициналық жақпаушылық болмаған жағдайда;
2 2) мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің, сауықтыру және шипажай орындарының зоологиялық «тірі бұрыштарында» санитарлық -эпидемиологиялық және ветеринариялық бақылау инспекцияларының рұқсаты бойынша;
3 3) оқшауланған қоршалған аумақта (вольер) еркін немесе байлауда серуендетуге.
5 5. Үй жануарлары иелерінің міндеттері
8
8. Үй жануарларының иесі жануарларды ветеринариялық- санитарлық ережелерге сәйкес ұстауды, көбейтуді және пайдалануды қамтамасыз етеді. Үй жануарлары ұсталатын аумақтар мен жайларда паразиттік кеміргіштер мен шыбын -шіркейлерді болдырмау мақсатында оларды ұдайы дезинфекциялап, әкпен ағартып шіркейлерді болдырмау мақсатында оларды ұдайы дезинфекциялап, әкпен ағартып отырады.