Перейти к тексту документа

Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы

Постановление · № 1002 · принят 25.08.2005
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-25532/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы Действует Постановление ·№ 1002 ·25.08.2005
Редакция от 25.08.2005
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 25.08.2005. Это последняя редакция в корпусе.

Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы

Действует Постановление ·№ 1002 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
1002
Дата принятия
25.08.2005
Показанная редакция
25.08.2005 · действующая 25532_195407.kaz
Последнее изменение
25.08.2005
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V05MA000008
Идентификатор ЭКБ
25532
Идентификатор редакции
25532_195407
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 18:26

0 Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру

Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың Аймақтық бағдарламасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

4 2005 жылғы 25.08.2005

№ 1002 қала әкімиятының
қаулысымен бекітілген
Үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби
даярлау және қайта даярлаудан өткізуді
ұйымдастыру
Ережесі
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйлерде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343-II, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңдарына сәйкес жасалды.
Осы Ереже үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастыруға уәкілетті орган мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру шараларын жоспарлау шеңберінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.

2 2. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қоры есебінен білім беру қызметін жүргізуге құқылы білім беру мекемелерінде уәкілетті орган берген жолдама бойынша жүргізіледі.

3 3. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге бейімдеу үшін ұйымдастырылады.

4 4. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуге оқу орнын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Заңнамалары белгілеген тәртіпте іріктелініп алынады.

2 2. Үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізуді ұйымдастырудың тәртібі

5 5. Уәкілетті орган бағалық ұсыныс негізінде әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлауды медициналық оқу орындарында өткізуге мемлекеттік тапсырыс жасайды.Әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудан өткізуге мекемелер іріктеуде уәкілетті орган мына жағдайларды ескереді:

1 1) білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар талаптарына сай жүзеге асыру;

2 2) білім беру қызметін жүргізуге берілген лицензияның болуы.

6 6. Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау уәкілетті орган мен медициналық білім беру мекемелері арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

7 7. Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткізу мерзімі, екі жақтың құқықтары мен міндеттері оқу бағдарламасымен шартқа сәйкес белгіленеді және үш айдан аспауы керек.

8 8. Уәкілетті орган білім беру мекемелерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауына және оқу мерзіміне бақылау жүргізеді.

9 9. Мекеме төмендегідей жағдайларда әлеуметтік қызметкерлерді оқудан шығарудан құқығы бар:

1 1) оқуға себепсіз қатыспау;

2 2) оқуда үлгермеу;

3 3) оқу орнының ішкі тәртіптерін бұзу;

4 4) заңда қарастырылған өзге де тәртіп бұзушылықтар.

10

10. Әлеуметтік қызметкерлерді оқудан шығару білім беру мекемелерімен белгіленген тәртіпте жүргізіледі және уәкілетті органды хабардар етеді.Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкердің оқу мерзіміне бөлінген қаржы қайта есептеліп, уәкілетті орган мен медициналық оқу орны арасындағы шартқа сәйкес тек нақты қызмет көрсетілген уақытқа ғана қаржы төленеді.

3 3. Қаржыландыру көздері

11

11. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша әлеуметтік қызметкер кәсіби даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет қоры есебінен жүргізіледі.Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлауды өткізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру шаралары жоспарының негізінде жасалады.

4 4. Бақылау

12 12. Уәкілетті орган білім беру мекемелерінің оқу мерзімінің дұрыс жүргізілуі мен конкурстық жағдайына бақылау жасайды.

Действующая