Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
ҚАЗНауырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 191
- Дата принятия
- 04.11.2005
- Показанная редакция
- 04.11.2005 · действующая 26025_345334.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 04.11.2005
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05NP000022
- Идентификатор ЭКБ
- 26025
- Идентификатор редакции
- 26025_345334
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:15
0 Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсін.
3 Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ҚАҒИДАСЫ
Науырзым аудандық мәслихатының
үшінші шақырылған
кезектен тыс сессиясының
2005 жылғы 4 қарашадағы
№ 191 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ҚАҒИДАСЫ
Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидасы бұдан әрі қарай - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді.
Осы Қағида Науырзым ауданының елді мекендерінде абаттандыру, оның нысаналарын күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, тазалықты сақтау, аумақтарды және көшелерді тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін, сондай-ақ осы мәселеде заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар аудан аумағында абаттандыру қағидаларың сақтауға, тиісті тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен ғимараттарды оңды ұстауға міндетті.
2 2. Осы Қағида негізінде санитарлық күтіп ұстау және көркейту үшін селолар аумағының учаскелері заңды тұлғаларға бекітіледі.
3 3. Әрбір меншік субъектісімен аумақты тазарту ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, енінен - иеліктегі үйден автокөлік жолына дейін жүргізіледі.
4 4. Меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, жеке көліктердің жүргізушілері көшелерге автокөліктерді шығарғанда тиісті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
5 5. Санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарға сай емес, жол төсемін ластайтын автокөліктерді және басқа механикалық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
6 6. Жол төсемін ластауы мүмкін сусымалы және басқа жүктерді тасымалдайтын жүк автокөліктерінің иелері, осы көліктерді артқы ернеулермен және жапқыштармен қамтамасыз етуге міндетті.
7 7. Көгалдарға, тынымбақтарға және басқа да жасыл желектерге, көлік құралдарына кіруге және тұрақтауға тыйым салынады.
8 8. Тұрғын, қызметтік, өндірістік және басқа ғимараттар мен ғимараттардың иелері көшелердің көрсеткіштерін және нөмірлік белгілерін оңды күйде ұстауға міндетті.
9 9. Белгіленбеген орындарда хабарландырулар, жарқағаздар, үндеу хаттар және басқа да баспа материалдарды жабыстыруға тыйым салынады.
10 10. Көшелердің автокөлік жүретін жолдарын және жаяусоқпақтарын, құрылыс салынбаған аумақтарды және басқа да қоғамдық пайдалану орындарын қандай да болмасын қоқыстармен ластауға тыйым салынады.
11
11. Автокөлік құралдарын қоғамдық пайдаланатын жерлерде жууға және жөндеуге тыйым салынады. Автокөліктерді, мотоциклдерді және басқа да көлік құралдарын су айыратын колонкалардың маңында, өзендер мен су қоймаларының жағажайларында, су қорғау аймақтарында, көпшілік демалатын орындарда, коп пәтерлі тұрғын үйлердің кіре берісінде жууға тыйым салынады.
12 12. Меншіктің барлық түрлеріндегі заңды тұлғалар атауы кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған маңдайша орналастыруға және олардың оңды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
13 13. Қоғамдық орындар мен құрылыс салынбаған аумақтар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес тазартылады.
2 2. Аудан селоларының аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
14 14. Сыртқы көркейтудің барлық түрлері, соның ішінде ғимараттардың қасбеттерін өңдеу селолар аумағында құрылыс салудың тәртібін анықтайтын қағидаға сәйкес орындалуға тиісті.
15 15. Селолар аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатуға және құруға тиісті аудандық қызметтердің келісімінен кейін ғана жол беріледі.
16 16. Барлық шағын сәулет нысандарының қондырғылары оңды жағдайда ұсталуға тиісті.
3 3. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау
17 17. Кәсіпорындар мен ұйымдар және басқа шаруашылық субъектілері көшелер мен алаңдардың өздеріне бекітілген аумақтарын қардан тазалауды жүргізуге тиісті.
Автокөлік жолдарына, жаяусоқпақтарға қар үюге, көгалдарға қар мен мұзды үюге, жасыл желектер орналасқан жерлерде көшелерді, алаңдарды роторлы қар тазалайтын машиналармен тазартуға тыйым салынады.
18 18. Шатырларды қардан тазалау, ернеулердегі, шатырлардағы, су ағатын құбырлардағы қатқан мұздақтарды түсіру ғимараттар мен ғимараттар иелерінің және жалгерлердің өз күштерімен, қаражаттарымен жүргізіледі.
Олар жаяу жүргіншілерді бақытсыз жағдайға ұшыратпау және ауа иелілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сақтық шараларын міндетті түрде орындаулары қажет.
Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.