Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
ҚАЗЖангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 102
- Дата принятия
- 07.04.2006
- Показанная редакция
- 07.04.2006 · действующая 26396_349757.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 07.04.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06NI000034
- Идентификатор ЭКБ
- 26396
- Идентификатор редакции
- 26396_349757
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:37
0 Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Реепубликасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 1405 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 59 «Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелінсін.
3 3. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
4 Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 7 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі
1 1. Жалпы Ережелер
Осы Ереже Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервің пайдалану тәртібін анықтайды.
1 1. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінің қатаң нысаналы мақсаты бар және осы Ережеде Жангелдин ауданы әкімдігінің каржы резервінен ақша бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
2 2. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінін ақша бөлу туралы қаулысын дайындау:
1 1) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте осы мақсатқа арналған ақша болмаған жағдайда;
2
2) сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардын міндеттемелерін өтеу жөніндегі жағдайларын қоспағанда Жангелдин ауданы әкімдігінін қаржы резервінің ақшасын қажетсіну ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттілік бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұрынғы міндеттемелеріне байланысты болмағанда.
3 3. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінен бөлінген каржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетке ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қайтарылуын қамтамасыз етеді.
2 2. Төтенше резервті табиғи және техногендік синаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртібі
4 4. Жергілікті ауқымдағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның қаржы резервінен ақша болу туралы өтініштерді "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарайды.
5
5. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жагдайда "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен Жангелдин ауданы әкімдігіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы қаулының жобасын енгізеді.
3 3. Жергілікті атқарушы органның резервтерін шұғыл шығындарға пайдалану тәртібі
6
6. Жангелдин ауданында саяси, экономикалык және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ак Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінен өзгеде күтпеген шығындарға ақша бөлу жағдайлары туындаған кезде тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге ақша бөлу туралы өтініш береді.