Әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗӘлеуметтік көмек көрсету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 2116
- Дата принятия
- 10.01.2006
- Показанная редакция
- 10.01.2006 · действующая 26525_251222.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.01.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06VM051310
- Идентификатор ЭКБ
- 26525
- Идентификатор редакции
- 26525_251222
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:01
0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына сәйкес, және халықтың әлеуметтік мұқтаж азаматтарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік ару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 -II Заңының 31 бабының 1 тармағы , 4 тармақшасын басшылыққа алып, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (бұдан әрі Ереже).
2 2. Жергілікті бюджет каражатының есебінен берілетін әлеуметтік көмектің мынадай түрлері белгіленсін:
1
1) Мүгедектер мен соғысқа қатысқандарды, соғыс жылдарында әскер қатарында қызмет еткендерді, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларын, азаматтардын. аз қамтамасыз етілген санаттары есебінен тыл еңбеккерлері мен ардагерлер активін республикалық басылымдар «Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда», облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», аудандық «Арай» - «Луч» газеттеріне жеңілдікпен жаздыру.
2 2) Жеңіс, Егде адамдар, Мүгедектер күндерін мерекелеуге байланысты азаматтардың жеке санаттарына Ережеге сәйкес материалдық көмек көрсету.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің тұрғын үйлерін жөндеуге материалдық көмек көрсету.
3 3) Басқадай арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін дербес зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету.
4 4) Аса мұқтаж азаматтардың санатына материалдық көмек көрсету.
3 3. Әлеуметгік көмек көрсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде жұмыспен қамту және ; әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
4 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімдерді әзірлеп және ұсыну ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
5
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Тоқсанова Лаура Жұмақанқызы), аудан экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Мельников Геннадий Емельянович) Ережеге сәйкес « Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша , азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу» жөніндегі 451007000332 бағдарламасы бойынша төлемдерді дер мерзімінде тағайындау мен төлеуді жүзеге асырсын.