Перейти к тексту документа

Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 30/276 · принят 01.02.2006
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-26737/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 30/276 ·01.02.2006
Редакция от 27.05.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 27.05.2009. Это последняя редакция в корпусе.

Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 30/276 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
30/276
Дата принятия
01.02.2006
Показанная редакция
27.05.2009 · действующая AI26737_4.kaz
Последнее изменение
27.05.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06KD000026
Идентификатор ЭКБ
26737
Идентификатор редакции
AI26737_4
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:58

0 Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Зейнетақылары және әлеуметтік жәрдемақылары 15362 теңге деңгейінен аспайтын жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. Әлеуметтік көмек мөлшері айына 900 теңге көлемінде белгіленсін. Төлемдер осы көмекке құқығы бар сәттен бастап төленсін.

3 3. Көлікте жүруге әлеуметтік көмек келесі азаматтарға тағайындалатындығы және төленетіндігі анықталсын:

зейнеткерлерге;
жұмыссыз 3 топ мүгедектеріне;
16 жасқа дейінгі мүгедек баларға;
зейнеткерлік жастағы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыларға.
жұмыс істемейтін мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға (N 1, N 2 тізімдері бойынша)

4 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С) жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:

1 1) көмекті алушынының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініш;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;

3 3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;

4 4) еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісім шарты (зейнеткерлерден басқа);

5 5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;

6 6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама

7 7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы

Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш берушілер жауапты. Дұрыс емес мәліметтерді ұсыну салдарынан заңсыз жәрдемақы төленген жағдайда, төленген сома алушылардан өз еріктері немесе сот арқылы өндіріледі

5 5. Қаржы бөлімі (Адамова К.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі
Токушев Қ.А.
20 қаңтар 2006 жыл
Экономика және
бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
20 қаңтар 2006 жыл
Қаржы бөлімінің меңгерушісі
Адамова К.Қ.
20 қаңтар 2006 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Асылбекова С.С.
20 қаңтар 2006 жыл

Действующая