Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 4
- Дата принятия
- 14.03.2006
- Показанная редакция
- 14.03.2006 · действующая 26878_265819.kaz
- Последнее изменение
- 14.03.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06KA008125
- Идентификатор ЭКБ
- 26878
- Идентификатор редакции
- 26878_265819
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:48
0 Қарағанды қаласында азаматтардың
жекелеген топтарына қалалық қоғамдық
қөліктерде (таксиден басқа) жүруге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы қөлік туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына, «2006 жылға 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2006 жылдың I каңтарынан бастап азаматтардың төмендегі топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін:
1 1) зейнетақысы мен әлеуметтіқ жәрдемақысы 10236 теңгеден аспайтын зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
2 2) зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтіқ жәрдемақы алмайтын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға.
2 2. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап бала кезінен, жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан бірінші топтағы мүгедектігі бойнша мемлекеттіқ жәрдемақы алушыларға қалалық қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.
3 3. Әлеуметтік көмек қөрсету мөлшері айына 650 теңге мөлшерімен анықталсын.
4
4. III шакырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қогамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы» №23 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі -1713, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 30 наурызындағы №12 (077) жарияланған ), III шақыралған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қыркүйектегі XXII сессиясының «III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек қөрсету туралы» №23 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №16 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі – 8-2-7, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 26 қазанындағы №42 (107) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.