Перейти к тексту документа

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы

Постановление · № 1477 · принят 20.03.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 20.03.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-27054/?version=27054_251019.kaz
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы Действует Постановление ·№ 1477 ·20.03.2006

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы

ҚАЗҮйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы

Действует Постановление ·№ 1477 · принят 20.03.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы
Наименование (каз.)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
1477
Дата принятия
20.03.2006
Показанная редакция
20.03.2006 · действующая 27054_251019.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.03.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06VN051424
Идентификатор ЭКБ
27054
Идентификатор редакции
27054_251019
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:44

0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек

балаларды материалдық қамтамасыз етудің
ережесі туралы
Мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсетуге Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13-сәуірдегі № 39 Заңының 11, 16, 29- баптарын, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11-шілдедегі № 343-II Заңының 11- бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24-сәуірдегі № 548 «Бюджет Кодексінің» 53-бабы 1-тармағы 4- тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің ережесі бекітілсін ( қосымша).

2 2. 2006 жылғы 1-қаңтардан материалдық көмек мөлшері (ай сайын) 7581 теңге сомада бекіту аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясына қарап бекітуге ұсынылсын.

3 3. Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ( Т.Мысаев) үйде тэрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңғалиевқа жүктелсін.

5 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің

Күршім ауданы әкімдігінің
2006 жылдың 20 наурызындағы
№ 1477 қаулысыны қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз етудің
Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13-сәуірдегі № 39 Заңының 11, 16, 29 - баптарын, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11- шілдедегі № 343-II Заңының 11- бабы 1- тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24- сәуірдегі № 548 «Бюджет Кодексінің» 53- бабы 1- тармағы 4- тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1- тармағының 14- тармақшасы негізінде әзірленді.

2 2. Тағайындау тәртібі

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуы мүгедек баланың түрғылықты жерінде ата- анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен ( аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
Өтінішке облыстық білім департаменті жанындағы Ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық- педагогикалық комиссияның анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде ( бала өлімі, интернат үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмектің тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына эсерін тигізетін барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлануға міндетті.
Болған өзгерістер мен мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Тиісті уәкілетті орган, өтінішті түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге 10 күн мерзімінде қарайды.
Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар, пошта байланысының аудандық торабы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған, бірінші басшы қол қойған тізімдердің негізінде толем жүргізеді.
Бөлінген қаражат бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен толем жүргізуші уәкілетті ұйым арасында қаржының төленуі ай сайын салыстырылып, тексеру актісі жасалады.
Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.

3 Аппарат басшысы

М. Қалелов