Перейти к тексту документа

Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы

Постановление · № 32 · принят 03.03.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-27170/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы Действует Постановление ·№ 32 ·03.03.2006
Редакция от 03.03.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 03.03.2006. Это последняя редакция в корпусе.

Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы

Действует Постановление ·№ 32 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы
Наименование (каз.)
Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
32
Дата принятия
03.03.2006
Показанная редакция
03.03.2006 · действующая 27170_368882.kaz
Последнее изменение
03.03.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06BO000057
Идентификатор ЭКБ
27170
Идентификатор редакции
27170_368882
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:50

0 Аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы

Қазақстан Рсспубликасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 12-2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13-ші бабына сәйкес, Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты олардың меншік иелерін анықтап төтенше жағдайлардың алдын алу, аудан аумағында мекен жайлар мен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында анықталған кемшіліктерді есепке ала отырып, алдағы уақытта төтенше жағдайларды болдырмау үшін және аудандық төтенше жағдайлар туралы бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданған аудан әкімінің 29.11.2005 жылғы № 50 шешімінін орындалуын және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің талабына сай берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аудандық коммуналдық шаруашылық бөліміне (Кәрібаев С.А.) жүктелсін.

2 2. Аудан орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің меншік иелерін анықтау бойынша нақты іс-шаралар қолдану мен шешім шығару Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Ж.Мырзагелдиевке міндеттелсін.

3 3. Ауданның елді мексндерінде орналасқан апаттық жағдайдағы тұрғын үйлермен ғимараттарға өткізілген көзбен болжау техникалық тексерісінің заң түрінде дайындығын анықтау аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің (А.Аужанов) ұдайы қадағалуына алынсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

Действующая