Перейти к тексту документа

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы

Постановление · № 976 · принят 26.04.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 26.04.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28082/?version=28082_342827.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 976 ·26.04.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы

ҚАЗҮйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 976 · принят 26.04.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
976
Дата принятия
26.04.2006
Показанная редакция
26.04.2006 · действующая 28082_342827.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
26.04.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06VE000028
Идентификатор ЭКБ
28082
Идентификатор редакции
28082_342827
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:30

0 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын

мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау
мен төлеудің қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 16 бабына сәйкес, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңының 11 бабының 1 тармағын және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау мен төлеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 24 ақпандағы №93 қаулысын орындау мақсатында, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуге және оқытуда көмек көрсету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2 2. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері айына 7581 теңге мөлшерінде белгіленсін.

3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етсің.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін.

5 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға матуриалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ҚАҒИДАЛАРЫ

Аудан әкімдігінің
«26» 04 2006 жылғы
№ 976 қаулысымен бекітілген.
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға матуриалдық
қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
ҚАҒИДАЛАРЫ

1 1. Жалпы ережелер

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 16 бабыңа сәйкес, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңының 11 бабының 1 тармағын іске асыру және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындау мен төлеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 24 ақпандағы № 93 қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Тағайындау тәртібі

Үйде тәрбиеленетін жане оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайыңдалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы (қорғаншы) тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
Өтінішке Ведомствоаралық психологиялык- медициналық педагогикалық комиссия беретін, мүгедек бала үйде тәрбиелеу және оқытудың кажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық- медициналық - педагогикалық комиссия анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.) , көмек тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізе барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті, 10 күн мерзімінде қарайды.
Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш, сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық кажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
Материалдық көмектің мөлшері балалар интернат-үйіндегі мүгедек балаларды ұстау бағасы мөлшерінде тиісті жылға белгіленеді.

3 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін төлеу үшін, ведомость-тізімдердің негізінде қаржы бөліміне қажеттілік-өтінімін ұсынады.
Қаржыландыру уәкілетті органның бюджеттік есебіне түскеннен кейін, өтімідерге сәйкес және Агенттік келісімі негізінде, «Казпошта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аудандық байланысы торабына, ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылады.
«Казпошта» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аудандық және қалалық байланыс тораптары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған, бірінші басшы қол қойған, ведомость - тізімдердің негізінде төлем жүргізеді.
Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы: С.Ә. Тәтиева