Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 53
- Дата принятия
- 30.01.2006
- Показанная редакция
- 30.01.2006 · действующая 28160_299885.kaz
- Последнее изменение
- 30.01.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZI000016
- Идентификатор ЭКБ
- 28160
- Идентификатор редакции
- 28160_299885
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:58
0 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын. (№1 жалғама)
2 2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Ермеғали) және аудандық экономика және қаржы бөліміне (Б.Нұрмағамбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
4 4. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
5 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Балғайшиев Арман Байзақұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағамбетов Берік Базарұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Тулегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мұхамедрахимова Әлфия - аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі.
Мұханова Әсемгүл Жайықбайқызы – аумақтық медицина бірлестігінің терапевті
6 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері
Аудан әкімдігінің
30.01.2006 жылғы
№ 53 қаулысымен бекітілген
№ 2 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері
1 1. Жақын туыс қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш
2 2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
3 3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
4 4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.