Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 133
- Дата принятия
- 12.04.2006
- Показанная редакция
- 12.04.2006 · действующая 28239_373291.kaz
- Последнее изменение
- 12.04.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZK000026
- Идентификатор ЭКБ
- 28239
- Идентификатор редакции
- 28239_373291
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:36
0 Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне көмек көрсету мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын басшылыққа алып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық бюджетте қаралған қаражат көлемінде аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету мақсатында әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын (жалғанды).
2 2. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарының тізімі мен материалдық көмектің төлену жағдайы мен мөлшері төмендегідей белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысы ардагерлері - монша, шаштараз қызметтерін көрсетуге ай сайынғы материалдық көмек;
2 2) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына - материалдық көмек көрсетуге;
3 3) ауданның жалғызбасты және аз қамтылған азаматтарын жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға;
4 4) 100 жасқа толған аудан азаматтарына бір реттік көмекке;
5 5) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне Жеңіс күніне байланысты бір реттік көмекке;
6 6) аз қамтылған жанұялар, өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмекке;
7 7) айлық шеңберінде материалдық көмекті аса қажет ететін мүгедектерге бір реттік көмекке.
3 3. Бір жолғы материалдық көмектің мөлшері 5-10 айлық есептік көрсеткіш есебінде, өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмектің мөлшері 20-25 айлық есептік көрсеткіш есебінде көзделсін.
4 4. Батыс Қазақстан облысының жоғарыдағы жергілікті өкілді және атқарушы органдарының шешімдері бойынша әлеуметтік төлеулер және істегі заңдарға сәйкес басқа да әлеуметтік төлеулер ұйымдастырылсын.
5 5. Әлеуметтік төлеулер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізілсін.
6 6. 2005 жылдың 28 ақпандағы аудан әкімиятының № 58 “Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулер беру тәртібі ережесі туралы» қаулысы бұзылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
15 Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Аудан әкімиятының
2006 жылғы 13 сәуір №133 қаулысына
№1 қосымша
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
1. Жубанышкалиева Люция Әсетқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
2. Мусалимова Раушан Сабырғалиқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы, комиссия төрайымының орынбасары.
3. Матеюнас Валерий Иозасович - Тасқала селолық округінің әкімі;
4. Қалибеков Талғат Андақүлұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (келісім бойынша);
5. Ақжолова Гүлмаржан Хамитқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
6. Төкешева Айгүл Әдиетқызы - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
7. Шапикова Күляш Мәселқызы - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі;
8. Ержігітова Тоғжан Сансызбайқызы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы