Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 142/118
- Дата принятия
- 15.05.2006
- Показанная редакция
- 15.05.2006 · действующая 28314_354391.kaz
- Последнее изменение
- 15.05.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06NI000038
- Идентификатор ЭКБ
- 28314
- Идентификатор редакции
- 28314_354391
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:25
0 Жангелдин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 8, 12-баптарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты мен Жангелдин ауданының әкімдігі ШЕШТІ және ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1 1. Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімдігінің қарауына төменгі ұсыныстар енгізілсін:
Тұрғындары басқа жерге қоныс аударуына байланысты Жангелдин ауданы бойынша төмендегі елді - мекендер таратылсын:
- Саға ауылдық округінің Алтынсарин селосы;
- Сужарған ауылдық округінің Бәйтемір селосы;
- Амангелді ауылдық округінің Құмкөл селосы;
- Қалам - Қарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс селосы;
- Жангелдин ауылдық округінің Қуат селосы;
- Албарбөгет ауылдық округінің Қарақоға селосы.
2 2. Жангелдин ауданының төмендегі ауылдық округтері селолар санатына өзгертілсін:
- Сужарған ауылдық округі - Сужарған селосы;
- Жангелдин ауылдық округі - Аралбай селосы болып қайта құрылсын.