Перейти к тексту документа

Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы

Постановление · № 172 · принят 15.05.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 15.05.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28333/?version=28333_339510.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 172 ·15.05.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы

ҚАЗБалалардың жазғы демалысын өткізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 172 · принят 15.05.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы
Наименование (каз.)
Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
172
Дата принятия
15.05.2006
Показанная редакция
15.05.2006 · действующая 28333_339510.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
15.05.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06ZF000028
Идентификатор ЭКБ
28333
Идентификатор редакции
28333_339510
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:26

0 Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңдарының негізінде ауданда жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдердің демалысына, сауықтыруына, жұмыспен қамтылуына, олардың ақыл-ойларының дамуына қажетті жағдайлар жасау кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылығы мен қылмыс жасауының, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шараларын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Комиссия жазғы демалыс кезеңінде мектептер, мектептен тыс ұйымдар жанынан лагерлер және демалыс лагерлерінің ұйымдастырылу кестесін жасақтап, бекітетін болсын.

3 3. Демалыс лагерлерінде бірінші кезекте мүгедек, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуы қамтамасыз етілсін.

4 4. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жергілікті бюджетте балалармен мәдени шаралар өткізуге қаралған қаржы есебінен, демеушілік және қайырымдылық көмек тарту арқылы, сондай-ақ, ұйымдастырылатын болсын.

5 5. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын көпшілік мәдени- спорттык шаралар арқылы тиімді ұйымдастыру аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Утешев) мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Құсайынов) тапсырылсын.

6

6. Аудандық білім беру бөліміне (Қадыралиев), ауданның төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөліміне (Касмуханов) және аудандық ішкі істер бөліміне (Наурзалиев) балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, олардың судағы қауіпсіздігін, балаларды сауықтыру орындарында өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ, балаларды тасымалдау қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қорғау шараларын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. Балалар мен жасөспірімдерге дәрігерлік қызмет көрсетуді, олардың тамақтандыруы және сауықтырылуын ұйымдастыруды бақылау, жазғы демалыс орындарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестілігін тексеру, балалар орналасқан орындардың санитарлық-экологиялық қолайлығын тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев) мен аудандық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Айтпекова) ұсынылсын.

8 8. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.

9 Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шаралар ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.

Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 15 мамырдағы
№ 172 қаулысымен бекітілді
Балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік шаралар ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.
Тарғынов Елғон Құсайынұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Қадыралиев Қабиболла Бисенгалиұлы - аудандық білім беру бөлімінін меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Сарбалина Бағида Диясқызы – аудандық білім беру бөлімінін бас маманы, комиссия хатшысы.
Айтпекова Гүлзада Қабдрешқызы - аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Кадимов Тахир Зинурұлы - мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры
Касмуханов Мирболат Мерекеұлы - Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы
Құсайынов Даулеткерей Атауұлы - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі
Мусағалиев Тимур Капезұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігері (келісім бойынша)
Наурзалиев Нұрғали Мергенұлы - аудандық ішкі істер бөлімінін бастығы (келісім бойынша)
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі
Хабиев Еділ Буланайұлы - аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінін меңгерушісі (келісім бойынша)