Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
ҚАЗМүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 1214
- Дата принятия
- 02.05.2006
- Показанная редакция
- 02.05.2006 · действующая 28512_345919.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 02.05.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06DH000038
- Идентификатор ЭКБ
- 28512
- Идентификатор редакции
- 28512_345919
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:28
0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиелеп, оқытылатын мүгедек балаларға (ары қарай - мүгедек балалар) айлық есептік көрсеткіштің 5 (бес) еселенген мөлшерінде әр мүгедек балаға ай сайын төленетін қосымша әлеуметтік көмек (ары қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
2
2. Мүгедек балаларға 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін берілетін әлеуметтік көмек (мемлекеттік толық қамтуындағы мүгедек балаларды және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының қортындысында көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап ата-анасының бipeyне немесе олардын орнындағы адамға берілсін.
3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ансатбаев Мұратбай) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді ата- анасының өтініші бойынша біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек балалардың тұрғылықты жердей әлеуметтік көмекті төлеу ұйымдарында алушының ашылған шотының нөмерін көрсетуіне (екінші деңгейдеп банктердің бөлімшелері, немесе осы операция түрлерін жүзеге асыратын лицензиясы бар ұйымдар) және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін:
1 1)жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандарға мекен жайы көрсетілген құжат немесе оралманның жеке куәлігі;
2 2)баланың туу туралы куәлігі;
3 3)дәрігерлік әлеуметтік сараптау қомиссиясында куәландырылғаны туралы анықтамасы (белгіленген үлгі бойынша);
4 4)отбасынын мекен-жайын және құрамын растайтын құжат;
5 5) психологиялық-медициналық-педагогикалық қомиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өксенұлы) мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарларында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
5
5. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 23 маусымындағы № 2-8-7 номерімен тіркелген, 2005 жылдың 15 шілдесіндегі № 30 «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2005 жылдың 6 маусымындағы № 1508 «Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.