Перейти к тексту документа

Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы

Постановление · № 113 · принят 04.04.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28638/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы Действует Постановление ·№ 113 ·04.04.2006
Редакция от 04.04.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 04.04.2006. Это последняя редакция в корпусе.

Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы

Действует Постановление ·№ 113 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы
Наименование (каз.)
Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
113
Дата принятия
04.04.2006
Показанная редакция
04.04.2006 · действующая 28638_245070.kaz
Последнее изменение
04.04.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06VJ051028
Идентификатор ЭКБ
28638
Идентификатор редакции
28638_245070
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:38

0 Ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде екі айлық өткізу туралы

Ауданның елді мекендерін көркейту деңгейін одан әрі арттыру және лайықты санитарлық жағдайын сақтау, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылгы 23 қаңтардагы №148-II Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, 1 тармагының 16)- тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2006 жылгы 01 сәуірден 01 маусымга дейін ауданның елді мекендерінде аумақтарды көгалдандыру, көркейту, санитарлық тазалау жөнінде екі айлық өткізілсін.

2 2. Селолық округтердің, кенттердің және Шар қаласының әкімдері жұмысты ұйымдастырып және мыналарға бақылау жасасын:

1 1) белгіленген бағдарламаларга сәйкес көктемгі ағаш, бұталар отыргызуга, көгалдар, гүлзарлар жасауға;

2 2) аумақтарды тазалау жөнінде үнемі санитарлық күндер өткізуге;

3 3) көркейту элементтерін, көшелер мен жолдардың, жаяусоқпақтардың жамылғыларын, қоғамдық көлік аялдамаларын, кіші сәулеттік нысандарды, ғимараттар мен құрылыстардың қасбетін лайықты жағдайга келтіруге;

4 4) су құбыры жүйелерін және құрылғыларын залалсыздандыру, профилактикалық жуу іс- шараларының жүргізілуіне;

5 5) су қорғау аймақтарын және сумен жабдықтау көздерінің алқаптарын, ашық суқоймаларын, тұрмыстық- қатты қалдықтар полигондарын, қоқыс төгетін орындарды, тұрмыстық- қатты қалдықтардың ұйымдастырылған үйінді орындарын тиісті санитарлық жағдайға келтіруге;

6 6) ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындарды жою жұмыстарын

жүргізуге.

3 3. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ж.Т. Жүрсімбаев келісім бойынша) учаскелік полиция инспекторларын қатыстыра отырып, жеке сектор мен қоғамдық орындар аумақтарында ережелердің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

4

4. Жарма ауданы бойынша ШҚО мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасына (Г.Т. Құлжанбекова келісім бойынша) сумен қамту, тамақ өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, базарлар мен балалар мекемелерінің көктемгі- жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығына бақылауды қамтамасыз етуі керек екені ескерілсін.

5

5. ҚР АШМ аудандық аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының бастығына (Н. Ж. Қасқырбаев келісім бойынша) аудандық ішкі істер бөліміне (Ж. Т. Жүрсімбаев келісім бойынша) және Жарма ауданы бойынша ШҚО МСЭҚД басқармасына (Г. Т. Құлжанбекова келісім бойынша) көше саудасының жағдайына бақылау жасауды күшейту және жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан басқа жердегі көше саудасын жою жөнінде жедел шара қолдану ұсынылсын.

6 6. Ішкі саясат бөліміне (Балтабаев Қ. Р.) екі айлықтың барысы және оның қорытындылары туралы ақпараттық материалдар дайындауды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

7

7. Селолық округтердің, кенттердің және Шар қаласының әкімдері елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі екі айлықты өткізудің барысы туралы мәліметтерді апта сайын әр дүйсенбіде 2006 жылгы 1 сәуірден бастап тұрғын үй- коммуналды шаруашылық бөліміне тапсырсын.

8 8. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі екі айлықтың нәтижелері тиісті шешімдер қабылдана отырып, жергілікті атқарушы билік орындарында тыңдалсын.

9

9 9. Осы қаулының орындау барысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.С. Рахымбаев жүктелсін.

Келісілді
АІІБ бастығы:
Ж. Жүрсімбаев
Келісілді
ҚР АШМ аумақтық
басқармасының бастығы:
Н. Қасқырбаев
Келісіліді
Жарма ауданы бойынша ШҚО
МСЭКД басқармасының бастығы:
Г. Құлжанбекова

Действующая