Перейти к тексту документа

Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

Постановление · № 128 · принят 14.06.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 14.06.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28808/?version=28808_347407.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы Утратил силу Постановление ·№ 128 ·14.06.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

ҚАЗБастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

Утратил силу Постановление ·№ 128 · принят 14.06.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы
Наименование (каз.)
Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
128
Дата принятия
14.06.2006
Показанная редакция
14.06.2006 · действующая 28808_347407.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.06.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06DL000035
Идентификатор ЭКБ
28808
Идентификатор редакции
28808_347407
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:17

0 Бастөбе ауылдық округінің "Кішітөбе" елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Реепубликасындағы жергілікті мeмлeкeттiк басқару туралы» Заңының 34-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік бактериологиялық зертхананың 2006 жылдың 11-23 мамыр айы аралығындағы № 195-255 сараптамасы, Қаратал аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2006 жылдың 2 маусымындағы № 1 ұсынысы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2006 жылдың 3 маусымындағы хаттамасы негізінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бастөбе ауылдық округінің «Кішітөбе» елді мекенінде тұратын Ж.Укенов, В.Хорошун, М.Хорошун, Б.Ахматовтың аулаларында мүйізді ipi қара малдары ішінен бруцеллез ауруынын шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу iс-шаралары енгізіліп, қосымшаға сай ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Аталған қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Амандосовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың

«14» маусымындағы № 128 «Бастөбе ауылдық округінің «Кішітөбе» елді мекеніндегі жеке шаруа аулаларында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы» қаулысына қосымша.
Бастөбе ауылдық округіндегі «Бастөбе» елді мекенінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі ic-шаралары
№ р/с
Іс-шараның аталуы
Орындалу мерзімі
Орындауға жауаптылар
Ұйымдық - шаруашылықтың шаралары
1
Ауылдық округттегі елді мекендегі ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу
2006 жылдың шілде айына дейін
Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, мал дәрігерлік инспекторы
2
Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау
2006 жылдың қазан айына дейін
Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, мал дәрігерлік инспекторы
Арнайы мал дәрігерлік шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы табыннан аластау
3 күн ішінде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келісуімен/
2
Ауру шыққан малдарды мал дәрігерлік- санитарлық тәртіпке сай сойылып, шұжық жасайтын цехтарға өткiзiyi қамтамасыз етілуі
Ауру шыққан мерзімдерде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келісуімен/
3
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрігермен залалсыздандырудан өткізу
Тез арада сойыстан кейін
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келісуімен/
4
Ауру шыққан ауладағы қалған малдардан 15-20 күн сайын қап алынып, 2 қайтара, таза шыққанша, бруцеллез ауруына тексеріліп, бруцеллез ауруына қарсы штамм-82 вакцинасымен егілуі
Тұрақты түрде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері /келісуімен/
5
Осы аталған аулалардағы өндірілген сүт және сүт өнімдерінің сауда орталықтарына өтіп кетпеуін қадағалау
Тұрақты түрде
Ауылдық округтің және базардағы мал дәрігерлік инспекторлары
6
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу
10.06.2006 ж. дейін
Қаратал аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары /келісуімен/, мал дәрігерлік инспекторы
7
Сүт және сүт өнімдерінің пастеризациядан өткізу сапасы қатаң қадағалауға алынуы
Айына 3 рет
Базардағы мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік зертхана мамандары /келісуімен/
8
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу
Тұрақты түрде
Қаратал аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары /келісуімен/, мал дәрігерлік инспекторы