Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
ҚАЗАуыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 89
- Дата принятия
- 10.07.2006
- Показанная редакция
- 10.07.2006 · действующая 29114_312802.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.07.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06BO000073
- Идентификатор ЭКБ
- 29114
- Идентификатор редакции
- 29114_312802
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:09
0 Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес ауданда ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Усенов А.О-келісімі бойынша):
1.1
1.1. Ауданның елді мекендерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту үшін, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің материалдық техникалық базасын одан әрі жақсарту істері жалғастырылсын;
1.2 1.2. Елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелерінің жылу жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қыркүйек айының 15-не дейін аяқтасын.
2 2. Ауылдық округтердің әкімдері:
2.1 2.1. Ауыл тұрғындарына көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне (отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік акушерлік, фельдшерлік пункттер) жан-жақты көмек көрсетілсін және оларға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ғимараттар қарастырылсын;
2.2 2.2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне тұрақты жұмыс істеуге келген дәрігерлер мен медбикелерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырсын және оны ұдайы бақылауда ұстасын.
3 3. 05.09.2005 жылғы № 64 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Келісілді:
Орталық аудандық аурухананың
бас дәрігері Усенов А.О.