Перейти к тексту документа

Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Постановление · № 336 · принят 05.06.2006
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-29219/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Әлеуметтік көмек көрсету туралы Действует Постановление ·№ 336 ·05.06.2006
Редакция от 05.06.2006
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 05.06.2006. Это последняя редакция в корпусе.

Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Действует Постановление ·№ 336 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
336
Дата принятия
05.06.2006
Показанная редакция
05.06.2006 · действующая 29219_251233.kaz
Последнее изменение
05.06.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06VP051620
Идентификатор ЭКБ
29219
Идентификатор редакции
29219_251233
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:20

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 24 сәуір 2004 жылғы
кодексінің» 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, 25 ақпан 2006
жылғы Тарбағатай аудандық мәслихатының «2006 жылға арналған аудандық
бюджет туралы» № 18-2 шешіміне және 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 17-2
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ІІІ-нші шакырылған
XY1II сессиясының шешімі негізінде жергілікті жерде аудан бюджетінен
жекелеген санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 - II Заңының 31
бабының 1 тармағының 14 тармақшасына және 37 бабының 1,2 тармақтарын
басшылықка алып Тарбағатай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1 1. Ұсынылып отырған Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек корсету ережелері бекітілсін (№ 1-қосымша).

2 2. Әлеуметтік көмек корсету және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.

3 3. Аудандық бюджет қаражатының есебінен берілетін әлеуметтік көмек жанұясында туберкулезбен ауыратын балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.

4 4. Ауыл, кент округі әкімдері және туберкулезге қарсы диспансермен бірлесе отырып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тізімдерді ұсынсын.

5

5. Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.Махамбетов) және Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі (А.Түрекенова) Ережелерге сәйкес 2581500332 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша камтамасыз ету тапсырылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Жақаевқа жүктелсін.

7 Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі

Тарбағатай ауданының
әкімдігінің 2006 жылғы
« 05 » маусымдағы № 336
қаулысына № 1 -қосымша
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Осы Ереже Тарбағатай ауданының аумағындағы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.

1 1. Жалпы бөлім.

1

1. Аудан көлеміндегі әрбір ауыл округінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына бір жолғы материалдық қаржылай көмек сұрап берген өтінішке сәйкес әрбір ауыл округі әкімдерінің аудан әкіміне қаржы бөлдіртуге жазған ұсынысы негізінде, жанұясында туберкулезбен ауыратын балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына балаларын санаторияға апару үшін бір жолғы материалдық қаржылай көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінеді.

2 2. Әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі

1 1. Жанұясында туберкулезбен ауыратын балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына балаларын санаторияға апару үшін бір жолғы материалдық қаржылай көмек корсету үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:

- Аз қамтамасыз етілген отбасының ауыл,кент округі әкіміне бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі өтініші.
- Учаскелік комиссияның материалдық жағдайын зерттеу актісі.
- Тубдиспансердің анықтамасы.
- Әкесінің немесе анасының төлқұжаты
- Ауыратын баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты.

2 2. Учаскелік комиссия қажет болған жағдайда отбасының көмекті алу құқығы немесе бас тарту және мөлшері жөніндегі қорытынды шығарады. Құжаттар Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

1 1. Әлеуметтік көмек төлеу жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен өтініш берушілердің жеке шоттарына түседі.

2 2. Аз камтамасыз етілген отбасыларына балаларын санаторияға апару үшін бір жолғы материалдық қаржылай көмек корсету жөніндегі бөлінген қаржы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

Аппарат басшысы
Н.Қараталов

Действующая