Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 603
- Дата принятия
- 04.10.2006
- Показанная редакция
- 04.10.2006 · действующая 30003_251052.kaz
- Последнее изменение
- 04.10.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06VP051624
- Идентификатор ЭКБ
- 30003
- Идентификатор редакции
- 30003_251052
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:49
0 Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің 05.04.2006 жылғы
№ 218 бұйрығына сәйкес “Ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіруді жүргізу”
Ережесі туралы 02.04.2003 жылғы № 164 бұйрығына өзгерту мен толықтырулар енгізілуіне
байланысты, “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде күнгі
№ 339-11 Заңының 25, 32-баптарын және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
№ 148-11 Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарын басшылыққа ала отырып аудан
әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1 1. Аудан аумағында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру 2007 жылдың қаңтар, шілде айларында өткізілсін.
2 2. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (А.Саметов) және ауыл, кент округтерінің әкімдеріне;
а А) Өздеріне қарасты округтеріндегі ветеринариялық қызметтермен бірлесе отырып, барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру тапсырылсын.
б Б) Малдарды бірдейлендірудің қортындысының нәтижесі округтерінің шаруашылық кітаптарында көрініс табуы қамтамасыз етілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы (А.Жамағатов) бірдейлендірудің қортындысын компьютерлік деректер базасына енгізілуіне бақылау жасасын.
4 4. Аудандық ішкі істер бөлімі; (бастығының міндетін атқарушы Д.Жанарбеков) тасымалдау кезінде шикізат және мал өнімдеріне берілген жолдама құжаттардың түгелдігіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық статистика бөлімі (Д.Жөргекбаев) аудан аумағындағы малдардың толық мәліметтерінің дұрыстығына бақылау жасауды қамтамасыз етілсін.
6 6. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан экімінің орынбасары А.Смаиловқа жүктелсін.
7 7. Аудандық әкімдіктің 2 желтоқсан 003 жылғы № 432-А қаулысының күші жойылсын.
8 8. Осы қаулы әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А. Жамағатов
Аудандық ішйі істер бөлімінің
бастығы міндетін атқарушы
Д.Жанарбеков
Аудандық статистика
бөлімінің бастығы
Д. Жергекбаев