Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 27-4
- Дата принятия
- 27.10.2006
- Показанная редакция
- 27.10.2006 · действующая 30652_339522.kaz
- Последнее изменение
- 27.10.2006
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZE000034
- Идентификатор ЭКБ
- 30652
- Идентификатор редакции
- 30652_339522
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:43
0 Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ережесі бекітілсін. (Жалғанды)
2
2. Аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» № 12-5 шешімнің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2872 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2005 жылғы 22 наурыздағы № 13 жарияланған) күші жойылсын.
3
3. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы «2005 жылғы 15 ақпандағы № 12-5 «Аудан аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» тіркеу № 2872 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 20-4 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-5-14 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 48 жарияланған) күші жойылсын.
4
4. Аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Жаңақала аумағындағы елді мекендерде жануарларды күтіп ұстаудың және иттер мысықтарды серуендетудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы» №21-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-5-19 нөмірмен тіркелген, «Жаңарған өңір» газетінің 2006 жылғы 11 ақпандағы № 6 жарияланған) күші жойылсын.
5 5. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді.
6 Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже
Жаңақала аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 27 қазандағы № 27-4
шешімімен бекітілген.
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1.1 1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.
1.2 1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті.
2 2. Ит пен мысықты бағып күту
2.1 2.1. Ит пен мысықтың анықталған нақты иесі болуы керек.
2.2 2.2. Ит пен мысықтың иесі меншігіндегі, ит пен мысықты дұрыс тамақтандырып, санитариялық-гигиеналық талапқа сай ұстауға және оларға жеке-жеке ветеринариялық паспорт алуға жауапты.
2.3
2.3. Жеке үйде тұратын жанұя санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда ит пен мысықты үйде ұстауға ерікті. Көп пәтерлі үйде тұратын жанұя итті үйде ұстау үшін қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитариялық ережелерді сақтауды қамтамасыз жасауға және ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алуы қажет.