Перейти к тексту документа

Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы

Положение · № 27-8 · принят 27.10.2006
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-30653/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 27-8 ·27.10.2006
Редакция от 27.10.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 27.10.2006. Это последняя редакция в корпусе.

Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 27-8 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
27-8
Дата принятия
27.10.2006
Показанная редакция
27.10.2006 · действующая 30653_339521.kaz
Последнее изменение
27.10.2006
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V06ZE000035
Идентификатор ЭКБ
30653
Идентификатор редакции
30653_339521
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:44

0 Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі бекітілсін. (Жалғанды)

2 2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3 Жаңқала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже

Жаңақала аудандық Мәслихатының
2006 жылғы 27 қазандағы № 27-8
шешімімен бекітілген
Жаңқала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық
шекараларын белгілеу туралы Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1.1 1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып лады.

1.2 1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті.

2 2. Жануарларды бағып, күту

2.1 2.1. Ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жасақталған қора-жайда, тұрғын үй мен қоғамдық орындардан қашықта ұстауы қажет.

2.2 2.2. Мал қораларын жылына кемі екі рет «жаңа сөндірілген» ізбес тас ерітіндісімен әктеу, тұрақты түрде жануарлар қалдықтарынан тазалап дезинфекция, дезинсекция және қажет болса дезакаризация өткізуі керек.

2.3 2.3. Мал ұстайтын аулада малдың жүретін жерін және санитариялық- гигиеналық талаптарға сай малдың қиын сақтайтын орын бөлу қажет.

2.4 2.4. Жеке және заңды тұлғалардың барлық малдарын көктем және күз айларында, ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, міндетті түрде орындалатын алдын-алу шараларынан өткізу керек.

2.5 2.5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз (бақташысыз) көшеге, паркке және басқа да қоғамдық орындар пайдаланатын алаңдарға жіберуге рұқсат етілмейді.

3 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері

3.1 3.1. Жануарларды вакцинация жасау және жұқпалы басқа да ауруларға тексеру үшін ветеринария мамандарының талаптарына сәйкес, жануарларын көрсетуге;

3.2 3.2. Ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру белгісін қою және оларға ветеринариялық паспорт алуға;

3.3 3.3. Мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдарына жаңадан сатып алынған малы туралы құжатын көрсетуге және алынған төлі, сатылған немесе сойылған малы туралы хабарлауға;

3.4 3.4. Мал кенеттен өлсе, бір мезгілде бірнеше малдың ауруы білінсе немесе олардың тәртібінен оқыс өзгеріс байқалса ветеринария мамандарына хабарлауға, ауруға күдікті малды ветеринария маманы келгенше оқшаулап ұстауға міндетті.

4 4. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

4.1 4.1. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Действующая