Перейти к тексту документа

Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Положение · № 30-4 · принят 07.11.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 07.11.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-30675/?version=30675_318036.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 30-4 ·07.11.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

ҚАЗЗеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 30-4 · принят 07.11.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
30-4
Дата принятия
07.11.2006
Показанная редакция
07.11.2006 · действующая 30675_318036.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
07.11.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06ZG000039
Идентификатор ЭКБ
30675
Идентификатор редакции
30675_318036
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:41

0 Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінің 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Зеленов аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 18 қыркүйектегі «Зеленов ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы» №28-4 шешімнің күші жойылсын келесі себептер бойынша:

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213-1 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабы бұзылған;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысы «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу Ережелерінің» 27 тармағы сақталмаған;
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысы «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Ережелерін» 9 тармағы бұзылған.
Бұл нормативтік құқықтық акт қайта бекітуге заң сараптамасын өтусіз қайтарылған.

3 3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін.

4 Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері

Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 7 қарашадағы
№30-4 шешімімен
№1 қосымшасы
бекітілген
Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері
Осы Ережелер жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті және Зеленов ауданы аумағында күші бар болып табылады.

1 1. Зеленов ауданының барлық елді мекендерінде ветеринариялық паспортын ресімдеуімен міндетті түрде тіркелген иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі.

2 2. Санитарлық-гигиеналық Ережелерді сақтаған жағдайда бір отбасы тұратын бөлек пәтерлерде иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйлерде бір алаңда тұратын жеке пәтерлер тұрғындарының және де коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің келісімі қажет.

3 3. Үйдегі және ауладағы жалпы адамдар пайдаланатын жерлерді, пәтерлерді, үй баспалдақтарын иттер мен мысықтармен ластатуға рұқсат етілмейді. Болған жағдайда иелері тез арада иттер мен мысықтардың экскременттерін жинап алулары керек.

4 4. Иттердің мұрындығы және қысқа байлауда болған жағдайда серуенге шығаруға болады.

5 5. Кәмелетке толмаған балаларға иттерді серуенге шығаруға рұқсат етілмейді.

6 6. Ветеринариялық қызметкерлерінің талаптары бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және алдын ала егу үшін иттер мен мысықтарды жеткізу қажет.

7 7. Адамдарды тістеген иттер мен мысықтарды ветеринариялық қарау үшін және 10 күн бойы бақылау үшін ветеринариялық мекемеге тез арада жеткізу қажет.