Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы
- Наименование (каз.)
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 11
- Дата принятия
- 17.01.2007
- Показанная редакция
- 17.01.2007 · действующая 32236_318209.kaz
- Последнее изменение
- 17.01.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07MF000036
- Идентификатор ЭКБ
- 32236
- Идентификатор редакции
- 32236_318209
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:13
0 Ақылы қоғамдық жұмыстарға
қатысушылардың еңбегіне
төленетін ақы мөлшерлері
туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Маңғыстау облысы әкімиятының «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 27 тамыздағы № 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы аудандық бюджеттен ең төменгі еңбек ақының 130 пайызы болып белгіленсін.
2 2. Қоғамдық еңбек қызметінің түрлерін ұйымдастыру село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға тапсырылсын.
3 3. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісіне (Д.Садықов) тапсырылсын.
4 4. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегін қаржыландыру аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісіне (С.Қани) жүктелсін.
5 5. Қоса беріліп отырған ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары туралы Ереже және қоғамдық жұмыстарға жіберілетін мекемелер тізбесі мен қаражат көлемі бекітілсін. (Жалғанды № 1,2 қосымша)
6 6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досанова міндеттелсін.
Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары: 10.01.2007 ж.
Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы
Аппарат басшысы: 10.01.2007 ж.
Мыңбаев Қуанғалиқызы Мәткерімұлы
Аппарат заңгері: 10.01.2007 ж.
Мөлдір Алтынбай Ғалымжанқызы
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:
Қани Сара Құлмырзақызы 10.01.2007 ж.
Орын. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:
Садыков Демеген Мертеұлы 10.01.2007 ж.