Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 29
- Дата принятия
- 23.01.2007
- Показанная редакция
- 23.01.2007 · действующая 32486_320769.kaz
- Последнее изменение
- 23.01.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZI000035
- Идентификатор ЭКБ
- 32486
- Идентификатор редакции
- 32486_320769
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:11
0 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсың . (№ 1 жалғама).
2 2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелееген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне (Н. Оразов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
4 4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Келісілді:
М.Ермеғали
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
Келісілді:
Н.Оразов
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі
5 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.
Аудан әкімдігінің "23" 01.2007 жылғы
№ 29 қаулысымен бекітілген № 1 жалғама
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Нұрмағанбетов Берік Базарұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары.
Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Төлегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша)
Мухамедрахимова Әлфия - аудандық «Қаратөбе өңірі» ЖШС газетінің редакторы.
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.
Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің терапевті.
6 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.
Аудан әкімдігінің "23".01.2007 жылғы
№ 29 қаулысымен бекітілген № 2 жалғама.
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.
1 1. Жақын туыстары қайтыс болғанда:
10 айлық есептік көрсеткіш
2 2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына:
8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
3 3. Емделуі үшін:
9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
4 4. Залал келгенде:
11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.