Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
- Наименование (каз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 185
- Дата принятия
- 27.02.2007
- Показанная редакция
- 27.02.2007 · действующая 32687_348833.kaz
- Последнее изменение
- 27.02.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07NI000060
- Идентификатор ЭКБ
- 32687
- Идентификатор редакции
- 32687_348833
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:00
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы ШЕШТI:
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша).
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік жағынан қорғау және заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Мәслихаттың
2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 185 шешіміне
қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұргын үй қатынастары туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдык көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар материалдық көмекті алуға құқығы бар.
2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) Уәкілетті орган - «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2 2) Өтініш беруші - материалдық көмек алудан үміткер адам.
3 3. Уәкілетті орган азаматтардың материалдық көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4 4. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі уәкілетті орган болып табылады.
2 2. Материалдық көмек алуға өтініш жасау
5 5. Өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша арыз береді және материалдық көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
6 6. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3 3. Қажетті құжаттар тізбесі
7 7. Материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар:
1 1) материалдық көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі немесе почта бөлімшелеріндегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2 2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3 3) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі немесе соларға теңестірілгендігі туралы куәліктің көшірмесі;
4 4) өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттын көшірмесі.
8 8. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
4 4. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі
9
9. Уәкілетті орган материалдық көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады. Материалдық көмекті тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.