Ақтоғай ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ақтоғай ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Ақтоғай ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 383
- Дата принятия
- 20.03.2007
- Показанная редакция
- 20.03.2007 · действующая 32721_307144.kaz
- Последнее изменение
- 20.03.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07KJ000040
- Идентификатор ЭКБ
- 32721
- Идентификатор редакции
- 32721_307144
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:56
0 Ақтоғай ауданы аумағындағы
жасыл желектерді күтіп ұстау
мен қорғау, елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру
Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387 - баптарына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2 2. Осы Қағидада белгіленген талаптар мен жауапкершіліктердің орындалысын қатан қадағалап, қамтамасыз ету, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдануға ұсыну ауданның тиісті құзырлы органдарына (Е.Шарбеков, Қ.Қошантаев, Қ.Жанпейсов, Қ.Ғалиханов) кент, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Қ. Досмақов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ. Жанпейсов
Аудандық орман және жануарлар әлемін
қорғау шаруашылығы мекемесі бастығы
Қ. Галиханов
Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі
Қ. Қошантаев
Қарағанды облыстық МСЭҚД
Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық
эпидемиологиялық бөлімінің бастығы
Е. Шарбеков
5 Ақтоғай ауданы аумғында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ҚАҒИДАСЫ
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 383 шешіміне қосымша № 1
Ақтоғай ауданы аумғында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау,
елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ҚАҒИДАСЫ
1 1. Жалпы ережелер
Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде әзірленді.
Осы ережелер Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұсау мен қорғау елді мекендерді көріктендіру бағытында заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, олардың міндеттерін белгілейді.
2 2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
2.1 2.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл желектерді қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды орындауға міндетті:
1 1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл желектерді қорғау шараларын жасауға;
2 2) аула аумағын тазалықта ұстауға, оларды жинау, үнемі сыпыру, суару, қар мен қоқысты белгіленген жерге шығаруға;
3
3) жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, құраған бұталарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, ағаштардың түп айналасын түптеуге, сондай-ақ арам шөптерді жою бойынша механикалық өңдеуді жүргізуге;
5 5) тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауға;
6 6) жыл сайын сәуір – мамыр айларында табиғи – климаттық жағдайға байланысты аумақты тазарту айлығын өткізуге.
2.2 2.2. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында мыналар тиым салынады:
1 1) елді мекендердің айналасындағы, жол жиектердегі ағаштар, көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды заңсыз кесу, бүлдіру мен жоюға;
2 2) үй жануарларын бақтарда, демалу аймақтарында жаюға, жоғарыдағы объектілердің ішіне, қоршауларына байлауға;
3 3) егілген жасыл желектер мен гүл алаңдарын бүлдіруге;
4 4) малды жасыл желек, ағаш егілген жерлерге бағуға, таптауға.
2.3 2.3. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектер шығарып тасталынады. Жасыл желектер шығарып тасталғанда ескеріледі:
1 1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын, газга тұрақтылық және фитонцидтіқ қасиеттері;
2 2) кент, селолық округтер нысаналарының сәнділігі және әсем рәсімделу әсері;
3 3) осы аймақты сауықтыру әсері.
2.4 2.4. Жұмысты жүргізгенде тапсырушы міндетті:
1 1) жасыл желектерді шығарып тасуға басқа жерге отырғызуға немесе кесуге рұқсат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы орган мен өкілетті орган береді;
2 2) жасыл желектерді шығарып тасуды, қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасауға.
2.5 2.5. Жасыл желектердің аумағында тиым салынады:
1 1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа затгарды жинауға, газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
2 2) көшелерді, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
3 3) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға, агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, тиісті қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге.
3 3. Елді мекендер аумағын көріктендіру
3.1
3.1. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендірудің қағидасын ұстануға, кент, селолық округтер аумағында тазалықты және қамтамасыз етуге, ғимараттарды оңды жағадайда ұстауға міндетті.
3.2
3.2. Мемлекеттік, қоғамдық және жеке кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, олардың ведомстволық бағынуына қарамастан, сондай - ақ жеке иеліктегі үй иеленушілері заңда белгіленген тәртіппен, сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес, тұрмыстық қалдықтарды жоюға уақытылы қелісім - шарт жасауға, өз есебінен оларға бекітілген аумақтарды жүйелі жинауға, тазалықта және тәртіпте ұстауға, сондай – ақ төмендегі талаптарды орындауға міндетті: