Перейти к тексту документа

Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Постановление · № 118 · принят 20.04.2007
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-32963/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Әлеуметтік көмек көрсету туралы Действует Постановление ·№ 118 ·20.04.2007
Редакция от 20.04.2007
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 20.04.2007. Это последняя редакция в корпусе.

Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Действует Постановление ·№ 118 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
118
Дата принятия
20.04.2007
Показанная редакция
20.04.2007 · действующая 32963_290353.kaz
Последнее изменение
20.04.2007
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V07NF000057
Идентификатор ЭКБ
32963
Идентификатор редакции
32963_290353
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:45

0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-45 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы 2 нөмірінде жарияланған) № 212 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:

1 1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;

2 2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;

3 3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;

4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 230 теңге көлемінде;

5 5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде;

6 6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қайтқан жауынгерлердің, жесірлеріне коммуналдық қызмет түрінің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек әр адамға 20880 теңге көлемінде;

2 2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.

3 3. Төмендегілер белгіленсін:

1 1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;

2

2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болған жағдайда ғана тағайындалады;

3 3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;

4 4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейін жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;

5 5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 230 теңгеден тағайындалып, төленеді;

6 6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;

7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қайтқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтерінің 3 түрі:

электр куаты - ай сайын бір адамға 350 теңгеден жылына 4200 теңге;
салқын су - ай сайын бір адамға 140 теңгеден жылына 1680 теңге;
қысқы отын - көмірдің тоннасы 5000 теңге, 3 тоннасы 15000 теңгеден бір адамға жылына бір рет төленеді.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша керекті қаржы жылына бір адамға барлығы - 20880 теңгені құрайды;

8 8) Әлеуметтік көмектер арызданушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.

4 4. Әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін уәкілетті орган керекті құжаттардың тізімін бекітсін.

5 5. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он кунтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.

Действующая