Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 30-8
- Дата принятия
- 11.04.2007
- Показанная редакция
- 11.04.2007 · действующая 33212_306275.kaz
- Последнее изменение
- 11.04.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZB000040
- Идентификатор ЭКБ
- 33212
- Идентификатор редакции
- 33212_306275
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:50
0 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып және аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ұсынысы негізінде аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
3 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ЕРЕЖЕСІ
Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабы негізінде әзірленді.
2 2. Елді мекендерде сұйық және қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, оларды белгіленген орындарға шығару, залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүйемен ұйымдастырылып, олардағы тазалық және көріктендіру іс-қимылдары осы Ереже талаптарының негізінде жүзеге асырылады.
3
3. Осы ереже елді мекендерде санитарлық тазалау жүйесін – (соның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени – тұрмыстық объектілерден шығарылатын тағам қалдықтарынан) қалдықтар мен қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару және оларды залалсыздандыру жұмыстарын қамтиды.
2 2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
4 4. Жалпы пайдалану орындары-демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, және т.б.
5 5. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару.
6 6. Іске асыру сипатындағы құрылғылар – демалу орындары, дүнгіршіктер, сауда арбалары, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары және басқалар.
7 7. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі – К.Т.Қ.) – тұтынудан ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
8 8. Пәтер иелері – ғимараттар мен орын жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
3 3. Жалпы талаптар.
9 9. Тұрғын үйлер, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік үйлері, түрлі кәсіпорындар ғимараттары мен оларға бекітілген жерлер, көшелер, саяжайлар мен қоғамдық пайдаланудағы алаңдар, демалыс орындары, көп қабатты үйлердің айналалары мен дәліздері – тазалық объектілері болып саналады.
10
10. Үйлердің маңайына қоқыстар мен қалдықтарға арналған қақпақты су кірмейтін контейнерлер орнатылады немесе ол мүмкін болмаған жағдайларда шұңқырлар қазылып, олардың ауыздары жабылып бекітіледі. Қоқыстар мен қалдықтар жинауға арналған ыдыстар мүмкіндігіне қарай оларды белгіленген жерлерге шығаратын автокөліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы жерлерге орналастырылады.