Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында иттерді және мысыктарды күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
ҚАЗТекелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында иттерді және мысыктарды күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында иттерді және мысыктарды күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында иттерді және мысыктарды күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 12-183
- Дата принятия
- 29.06.2007
- Показанная редакция
- 29.06.2007 · действующая 34110_330083.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 29.06.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07DC000034
- Идентификатор ЭКБ
- 34110
- Идентификатор редакции
- 34110_330083
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:26
0 Текелі қаласы мен Рудник кентінің
аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-ұстау ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодексінің 3-бабының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Заңының 6-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық
Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Текелі қаласы мен Рудниқ кентінің аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-үстау ережесі (бұдан әрі - ереже) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
3 Текелі қалалық Мәслихатының
«Текелі қаласы мен Рудник кентінің
аумағында иттерді және мысықтарды
күтіп-үстау ережесін белгілеу туралы»
2007 жылғы 29 маусымдағы № 12-183
шешіміне қосымша
Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағында
иттерді және мысықтарды күтіп-үстау ережесі
1 1. Осы ереже Текелі қаласы мен Рудник кентінің аумағындағы барлық
елді-мекендерде қолданылады.
2 2. Ереже меншік түріне қарамастан барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды
және жеке тұлғаларға, сонымен қатар иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге
шығаратын барлық тұлғаларға таралады.
3 3. Иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар
иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға рұқсат
беріледі:
1 1) Иттер мен мысықтарды тұрғын үйлер мен пәтерлерде ұстауға, егер отбасында
екі адамнан асса, қалғандарының келісімімен;
2 2) Итті үйден алып шығарда мұрнына томаға кигізіп, қысқа шынжырда ұстауға;
3 3) Иттерді жолаушылардың мазасын алмайтындай шараларды қолданып, барлық
көліктердің түрінде алып жүруге;
4 4) Мал дәрігерлік қызметтің нұсқауы бойынша иттер мен мысықтарды тексеруге
және емдік-сауықтыру шараларын өткізуге әкелу керек;
5 5) Иттер мен мысықтар талаған адамдар мен малдар жедел түрде мал дәрігерлік
мекемеге қаралуға және тексеруге иесімен жеткізілуі қажет;
6 6) Қаңғырған, иесіз иттер мен мысықтар ұсталып, арнайы орынға жіберіледі.
4 4. Иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар
иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға тиым
салынады:
1 1) Иттерді иесіз жіберуге, қоғамдық орындарда қыдыртуға, қалалық көліктерде
қысқа шынжырсыз томағасыз алып жүруге, 14 жасқа толмаған азаматтарға
және мас күйде;
2 2) Иттер мен мысықтарды жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда, асханада,
балконда, жертөледе және баспалдақтар алаңында ұстауға;
3 3) Дүкендерге, асханаларға, мектептерге, бала бақшаларга, емдеу мекемелеріне,
стадиондарға, жағажайларға және базарларға итпен келуге;
4 4) Егер тұрғын үйлердің подьезінде, баспалдақ алаңдарына, спорттық және
балалардың ойын алаңдарына ит пен мысық дәретке отырып қойса, иесі жинап
алуға тиіс.