Перейти к тексту документа

«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы

Положение · № 34-2 · принят 07.05.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 07.05.2007
https://adilet.kz/ru/laws/doc-34503/?version=34503_320801.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 34-2 ·07.05.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы

ҚАЗ«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 34-2 · принят 07.05.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы
Наименование (каз.)
«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
34-2
Дата принятия
07.05.2007
Показанная редакция
07.05.2007 · действующая 34503_320801.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
07.05.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07ZI000044
Идентификатор ЭКБ
34503
Идентификатор редакции
34503_320801
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:40

0 «Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын, 10 шілде 2002 жылғы «Ветеринария туралы», 10 қаңтар 2006 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын және 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
«Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі» қосымшаға сай бекітілсін.

1 Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ЕРЕЖЕСІ

Қаратөбе аудандық мәслихатының «7» мамыр 2007 жылғы №34-2 шешімімен бекітілген қосымша
Қаратөбе ауданы аумағындағы
иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ереже:

Ереже 10 шілде 2002 жылғы «Ветеринария туралы» және 10 қаңтар 2006 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сүйеніп жасалды.

1.1 1.1. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін жергілікті өкілетті органда тіркелуге, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп,қауіпті жұқпалы ауруға қарсы егуден өткізіліп, жергілікті мал дәрігерлік емханаларда паразиттік ауруларға қарсы алдын-алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс;

1.2 1.2. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады;

1.3 1.3. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі;

1.4 1.4. Үй жануарлары жұқпалы ауруларға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса, Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің шешімімен иесінен алынып бөлек ұсталады;

1.5 1.5. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін аурулары пайда болған жағдайда ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.

1.6 1.6. Ветеринариялық іс-шаралар кешені өткізілген жағдайда шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

1.7 1.7. Барлық елді мекендерде иесіз иттерді,мысықтарды ұстап жою үшін арнаулы топтар жасақталып,олардың көлікпен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылады;

1.8 1.8. Ұрыскер иттерді серуендетуге арнайы орын белгіленуі керек және оларды қызық үшін әдейі төбелестіруге рұқсат етілмейді.

1.9 1.9. Бұл Ереже Қаратөбе ауданының барлық үй жануарлары иелеріне,сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

2 2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері:

2.1 2.1. Үй жануарларын (ит,мысық) жайлы орындарда,санитарлық жағдайда ұстауға қараусыз қалдырмауға,ауырып қалса ветеринарлық дәрігерге апаруға;

2.2 2.2. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит,мысық) байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу- профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апару;

2.3 2.3. Адамды,малды ит қауып алған жағдайда таяудағы медициналық.ветеринарлық мекемелерге хабарлап.иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, карантин қою үшін апаруға;

2.4 2.4. Үй жануарларының мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апарылуы керек.

Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.

2.5 2.5. Азаматтардың денсаулығына, мүлкіне үй жануарларының(ит,мысық) келтірген шығыны мен зияны заңдарда белгіленген тәртіп бойынша үй жануарларының (ит, мысық) иелерінің есебінен өтеледі.

2.6 2.6. Барлық иттерді қоғамдық орындарда,саябақтарда,көшеде,тұрғын үй,мектеп және балалар мекемелерінің маңында қысқа тізгінмен,ауызын тұмшалап,мойындағы қарғы баумен ұстауға міндетті.

3 3. Ветеринария туралы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық:

3.1 3.1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңдарының бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит,мысық) иелері Қазақстан Республикасының 30 қаңтар 2001 жылғы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сай жауапты болады.