Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 814
- Дата принятия
- 27.03.2007
- Показанная редакция
- 27.03.2007 · действующая 34602_252656.kaz
- Последнее изменение
- 27.03.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VK051161
- Идентификатор ЭКБ
- 34602
- Идентификатор редакции
- 34602_252656
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:55
0 Су тасқынына қарсы
іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 Заңының 5 және 13 баптарына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 акпандағы №41 Қаулысын негізге ала отырып, су тасқынынан халықтың кауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудан экономикасына келетін зияндьі азайту мақсатында Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1 1. 2007 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды жеделдетіп атқару мақсатында аудандық комиссия құрамы бекітілсін (қосымша №1), су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша №2).
2 2. Қала, ауылдық окруттері әкімдеріне:
1 1) Су тасқыны кезеңіне жұмыс топтарын құрып, олардың тұракты бару орындарын анықтасын, кезекші көлік бекітсін.
2 2) 2007 жылдың сәуір-мамыр айларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын, күн сайын аудандық кұрылыс бөлімінің төтенше жағдай жөніндегі бас маманына ақпарат берсін.
3 3) Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малдарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жоспарлар жасап, қажетті техникаларды дайындықта ұстасын.
3 3. «Қазақавтожолы» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ДЭУ-33 мекемесіне (Оқасов С.Ш.) 2007 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімінде су тасқыны және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль жолдарындағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау ұсыңылсын.
4 4. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерде, Үйдене су қоймасында тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру «Қазақтелеком АҚ Зайсан
аудандық телекоммуникациялар торабы" мекемесіне (Нұрасылов Ө.И.) ұсынылсын.
5 5. "ШҚ өңірлік энергетика компаниясы» Оңтүстік аймақтық филиалының Зайсан электр желілері бөлімшесіне (Жансейітов Е.У.) су тасқыны кезінде аудан көлемінде электр жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. «Шығыс су шаруашылығы» РМК Зайсан аудандық өндірістік пайдалану бөлімшесіне (Қожекенов Ә.З.) Үйдене су қоймасындағы су деңгейін тұрақты қадағалау, қауіпті деңгейге жеткізбей реттеп отыру, авариялық ашып-жапқыштарды алдын- ала тексеру ұсынылсын.
7 7. Шығыс Қазакстан облысы денсаулық сақтау департаментінің өкілі (Гайсина Н.К.) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталықтандырылған дәрі-дәрмектер қорын жасау ұсынылсын.
8 8. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне (Уәли М.Қ.) егістік жерлерді, тоғамдарды су тасқындарынан аман сақтау және су басатын қауіпті аймақтардан адамдарды, малдарды көшіру жұмыстарын ұйымдастыру міндеттелсін.
9 9. Су тасқынына қарсы іс -шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Зайнулдинге жүктелсін.
10 10. «Су тасқынының алдын алу іс-шаралары туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 06 сәуірдегі №317, "Зайсан ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2006 жылғы 25 мамырдағы тіркелген №5-11-40 қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
11 11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне
енеді.
15 2007 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды атқару жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің № 814
27 наурыздағы 2007 жылғы
қаулысына қосымша № 1
2007 жылғы су тасқыны кезінде іс-шараларды атқару жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аппарат басшысы
Н.Бейсенов
16 2007 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Аудан әкімдігінің № 814
27 наурыздағы 2007 жылғы
қаулысына қосымша № 2
2007 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Аппарат басшысы
Н.Бейсенов