Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 28
- Дата принятия
- 07.08.2007
- Показанная редакция
- 07.08.2007 · действующая 35030_323058.kaz
- Последнее изменение
- 07.08.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZI000048
- Идентификатор ЭКБ
- 35030
- Идентификатор редакции
- 35030_323058
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:09
0 Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кызметтері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы №148-ІІ, «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1, Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары:
1 1) Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің бастығы - аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы Е.Б.Бисенов;
2 2) Өртке қарсы қызметінің бастығы - «Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі»мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Қаратөбе аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Р.Д.Абдрахманов;
3 3) Дәрігерлік қызметінің бастығы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің бас дәрігері - Х.Б.Ералин;
4 4) Ақпарат қызметінің бастығы - аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы А.К.Мұхамедрахимова;
5 5) Хабардар ету және байланыс қызметінің бастығы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының филиалы Қаратөбе аудандық торабының бастығы А.И.Биялиев;
6 6) Энергетика кызметінің бастығы - «Батыс Қазақстан облыстық таратушы электрторабтары компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық электрторабтарының бастығы Х.І.Мырзагерей;
7 7) Коммуналдық-техникалық қызметінің бастығы - аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Қыдырғожа;
8 8) Жануарлар мен өсімдіктер қызметінің бастығы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Б.Нұрмағанбетов;
9 9) Жолдар мен көпірлер қызметінің бастығы - «Орал жолдары» ашық акционерлік қоғамының Қаратөбе аудандық жол пайдалану пунктінің бастығы Қ.Ж.Мұқанов;
Қызметтер туралы ережелерді әзірлесін, құрылымын анықтасын, штабтар құрсын және қызметтерді қалыптастырсын. Қызметтердің іс- әрекеті аудандық азаматтың қорғаныстың жоспарларына және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылсын. Қызметтердің міндеттері жөніндегі азаматтық қорғаныстың арнайы шараларын орындауға күштер мен құралдардың дайындығын ұйымдастырсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Альжановқа жүктелсін.
13 Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің құрамы
Аудан әкімінің 2007 жылғы «7» тамыздағы
№ 28 шешіміне № 1 қосымша
Аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің құрамы