Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 250
- Дата принятия
- 14.03.2007
- Показанная редакция
- 14.03.2007 · действующая 35324_361243.kaz
- Последнее изменение
- 14.03.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07LD00061_
- Идентификатор ЭКБ
- 35324
- Идентификатор редакции
- 35324_361243
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:58
0 Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және 7 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібі» бекітілсін.
2 2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 6 ақпандағы XXIX сессиясының №245 «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша Тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тәнылсын.
3 2007 жылғы 14 наурыздағы
№250 нормативтік құкыктық
кесіммен бекітілген
Ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берудің уақытша ТӘРТІБІ
1 1. Кіріспе
Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес әзірленді және ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2 2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы
1
1. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссия» қорытындысы бойынша төленеді.
2 2. Бір жолғы әлеуметтік көмек екі жылдан бері ауыз суға жинақталған қарызын өтей алмай отырған тұрмысы төмен отбасыларына беріледі.
3
3. «Қазалы су құбырларын пайдалану» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұсынған тізімі бойынша «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссиясы» ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдайды.
3 3. Ауыз суға жинақталған қарызын өтеу үшін берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері
4 4. Бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері әрбір отбасының ауыз суға екі жылдан бері жинақталған қарызының ең кемінде 80 пайызы мөлшерінде қанағаттандырылуы қажет.
4 4. Тиісті құжаттардың тізбесі
5
5. Ауыз суға төленетін бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға үміткер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Ауданда тұрмыстық жағдайы өте нашар отбасыларына ауыз суға жинақталған қарызын өтеуге байланысты табысы аз жекелеген азаматтардың категорияларын анықтау жөніндегі комиссияға» мына қүжаттарды үсынады:
әлеуметтік көмек алушының арызы;
тиісті органдардан ауыз суға қарызын көрсеткен анықтамасы;
тұрғылықты жерінен отбасы мүшелерінің күрамы көрсетілген анықтама;
әлеуметтік көмек алушының төлқұжаты;
салық төлемдерінің тіркелген нөмірі (СТТН)