Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
ҚАЗКентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 15
- Дата принятия
- 10.10.2007
- Показанная редакция
- 10.10.2007 · действующая 35663_307813.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.10.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07UC000048
- Идентификатор ЭКБ
- 35663
- Идентификатор редакции
- 35663_307813
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:00
0 Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-шы бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ұсынысын қарай келіп, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысыктарды күтіп ұстау қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы
Кентау қалалық мәслихатының
2007 жылғы 10 қазандағы №15
шешімімен бекітілген
Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды,
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы
Осы қағида, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңдарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы қағида, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хантағы, Байылдыр және Ащысай елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы жануарлары, иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - жануар иелері).
2 2. Жануар иелері, жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлармен ластауға жол бермеу (олардың артынан жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтау, адамдардың қауіпсіздігін және үйде тыныштықты қамтамасыз ету керек.
3 3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтау кезінде:
1 1) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде ұстауға;
2 2) қоғамдық орындарда тұмылдырықпен және қысқа баумен жүруге рұқсат етіледі.
4 4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау, жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылады. Жануарлар тұмылдырықта, не арнайы бөліктерде, қолдорбаларда болу керек.
5 5. Қоғамдық орындарда ит пен мысықтар тұкымына қарамастан, оларды адамдар ертіп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде), иелері байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғыбас деп есептеліп, оларды аулауға, атуға рұқсат етіледі.
2 2. Жануар иелеріне ұсынылады
6 6. Жануар иелері:
1 1) жануарды сатып алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінен ветеринариялық төлқұжат алу;
2 2) жануарларға жүйелі дәрілеуді жүргізу;
3 3) итпен келтірілген жарақаттар туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;
4 4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларға жарақат келтірген иттерге карау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлау;
5 5) көшелерде итпен тек қана қысқа баумен, үлкен ит болса тұмылдырықпен алып жүру;
6 6) жануарды оның биологиялық қажеттілігіне сай ұстау, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау, қараусыз, тамақ пен сусыз қалдырмау, ал ауырса уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
7 7) жануар өліп қалса, округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлап, оның қадағалауымен өлексені мал өлекселерін жоятын шұңқырларға («Беккари»
шұңқырлары) тастау керек;