Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 2/24
- Дата принятия
- 11.10.2007
- Показанная редакция
- 11.10.2007 · действующая 35836_257183.kaz
- Последнее изменение
- 11.10.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07MG001987
- Идентификатор ЭКБ
- 35836
- Идентификатор редакции
- 35836_257183
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:59
0 Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-көмек) белгіленсін:
аз қамтылған отбасыларға, тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзеу үшін;
тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға;
аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне.
2 2. Көмек тағайындау бойынша Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады ( бұдан әрі уәкілетті орган).
3
3. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің айрықша қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда жылына бір рет беріледі. Ерекше жағдайларда қайта тағайындалады, алайда жылына екі реттен артық болмауы тиіс.
4 4. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескеріледі.
5 5. Уәкілетті орган қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына, көмек тағайындауга негіз болған деректі оқиғаға тексеру жүргізеді.
6 6. Шешім қабылданғаннан кейін, көмек төлеуге тізім жасақталады және алушының мекен жайы бойынша есеп шотына аударылады.
7 7. Аз қамтылган отбасыларға, тұргындардың әлеуметтік қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж деңсаулық сақгау, білім беру және спорт,
халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелеренің
қызметкерлеріне көмек тағайындау және төлеу үшін аудан әкімінің, немесе орынбасары атына арыз және қосымшаға сәйкес құжаттар тізімі қажет.
8 8. Уәкілетті органға құжаттар түпнұсқасы көшірмесімен салыстыруға ұсынылады, салыстырылып болғасын құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
9 9. Көмек алушылар тапсырылған құжаттардың, мәліметтердің дұрыстығына жауацкершілік алады.
10 10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
мемлкеттік мекемесінің бастығы
Ж.Тұманбаева
10.10.2007 ж.
11 Аудандық мәслихаттың 2007
жылғы «11»қазандағы
№ 2/24 шешіміне қосымша
Бір жолғы материалдық көмек алуына кұжаттар тізбесі