Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
ҚАЗШет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
- Наименование (каз.)
- Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 2/24
- Дата принятия
- 23.10.2007
- Показанная редакция
- 23.10.2007 · действующая 35907_309213.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 23.10.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07K000051Q
- Идентификатор ЭКБ
- 35907
- Идентификатор редакции
- 35907_309213
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:54
0 Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау Ережесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасының ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Қазақстан Республикасы Зандарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қантардағы №155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес аудандык Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық аумақтық инспекциясының бастығы К. Жұматаевқа және ауылдық округ пен кент әкімдеріне жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Аудандық Мәслихаттың
2007 жылғы 23 қазандағы II-сессиясының
№ 2/24 шешімімен бекітілген
Шет ауданы аумағында үй иттері мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
Шет ауданы бойынша үй иттері мен мысықтарды ұстау ережесі (бұдан әрі ереже) « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді және үй иттері мен мысықтарын ұстау тәртібін белгілейді.
1 1. Осы ереже меншіктің нысанынан барлық түріне кәсіпорындар мен ұйымдарды қоса, Шет ауданында барлық үй мысықтары мен иттердің иелеріне қатысты.
2
2. Ит пен мысық иелері жануарларын 3 айлығынан бастап жыл сайын құтыруға және басқа ауруларға қарсы вакцинация жасатып, үй жануарларын ветеринариялық мекемелерінде тіркетуге міндетті. Вакцинадан өткендегі туралы анықтама тіркеуден өткендігін куәландыратын құжат болып табылады. Әрбір тіркелген үй жануарына бірдейлендіру коды беріледі, ол бүкіл өмір бойы сақталады. Жануар иелеріне ветеринариялық құжат және нөмірленген жетон беріледі, ол жануар иесінің есебінен жүргізіледі.
3 3. Мысық пен иттерді ұстағанда ветеринариялық-санитарлық және санитариялық-гигиеналық ережені міндетті түрде сақтау.
4
4. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің зообұрыштарында жануарлар ұстау тек ветеринариялық қызметінің рұқсатымең ғана мүмкін. Балалар үйлерінде, балабақшаларда, алдын-ала емдеу мекемелерінде күзетші иттерді тек байлап қана ұстай алады. Балалардың олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін болдырмау.