Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗЖаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 4/37
- Дата принятия
- 22.11.2007
- Показанная редакция
- 22.11.2007 · действующая 36109_345276.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 22.11.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07KL000037
- Идентификатор ЭКБ
- 36109
- Идентификатор редакции
- 36109_345276
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:47
0 «Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210 – II «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орнындалуы аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
22.11.2007 ж.
Жаңаарқа ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Р.Омаров
4 Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерінде сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
Аудандық Мәслихатының
2007 жылғы 22 қарашадағы
IY-ші сессиясының №4/37 шешіміне
қосымша
Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерінде сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
№
Мазмұны
Айлық есептік көрсеткішке пайызбен есептегендегі төлемақы ставкасы
1
Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрге дейінгі (үндеулер, А1, А2; А3, А4 шағын көлемдегі плакаттар, афишалар, транспаранттар)
30
2
Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
50
3
Сыртқы жарнама объектілері – 5,0 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары
100