Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған біркүндік алым ставкалары туралы
Утратил силу
Иной акт
·№ 3-9
·
по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған біркүндік алым ставкалары туралы
- Наименование (каз.)
- Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған біркүндік алым ставкалары туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 3-9
- Дата принятия
- 24.12.2007
- Показанная редакция
- 21.08.2012 · действующая 36914_214970.kaz
- Последнее изменение
- 21.08.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VE000067
- Идентификатор ЭКБ
- 36914
- Идентификатор редакции
- 36914_214970
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:27
0 Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған біркүндік алым ставкалары туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының 12 маусымдағы 2001 жылғы № 209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салық Кодексінің 373-бап, 2-ші бөліміне сәйкес бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары бекітілсін.
2 2. 2008 жылға бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін талон ставкалары төмендегідей болып белгіленсін:
Мүйізді ірі қара малын бағатындар үшін:
1 1) 100 бас мүйізді ірі қараға дейін – 50 теңге;
2 2) 100 бас мүйізді ірі қарадан, 150 бас мүйізді ірі қараға дейін – 70 теңге;
3 3) 150 бас мүйізді ірі қарадан, 200 бас мүйізді ірі қараға дейін – 100 теңге;
4 4) 200 бас мүйізді ірі қарадан, 250 бас мүйізді ірі қараға дейін – 150 теңге;
5 5) 250 бас мүйізді ірі қарадан жоғары – 200 теңге.
3
3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 37-6 “Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы”(14.06.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-57,“Абай елі” № 11-12 (019-020) 1 маусым - 1 шілде, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.