Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 35
- Дата принятия
- 25.12.2007
- Показанная редакция
- 25.12.2007 · действующая 37156_372244.kaz
- Последнее изменение
- 25.12.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07LH000057
- Идентификатор ЭКБ
- 37156
- Идентификатор редакции
- 37156_372244
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:23
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын және «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы» Ережесі бекітілсін.
2
2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 12 шілдедегі кезекті XXIII сессиясының №212 «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына,Чернобыль апатын жоюшы азаматтарға,Ауған соғысының мүгедектеріне жергілікті бюджеттен коммуналдық қызмет есебінен көмек беру туралы» (Әділет басқармасында 03.08.2006ж. Мемлекеттік тіркеу №10-8-32 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
4 2007 жылғы 25 желтоқсандағы
аудандық Мәслихаттың, кезекті
III сессиясының № 35
шешімімен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер беру туралы ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Ереже Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-дағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтарға (бұдан әрі карай-әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
2 2. Әлеуметтік төлемдер-әлеуметтік төлемдер алушылардың коммуналдық шығындарын төлеу бойынша жүргізіледі.
3 3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау және оларды төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізіледі.
2 2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
4 4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын келесі түрлер бойынша тағайындалады:
1 1) әлектр жарығы 1 адамға 1 айға 45 квт/сағ 234 теңге 45 тиын квт /сағ 5,21 теңге);
2 2) қатты отын (көмір алу)немесе жылу қызметі (кыс айлары 15 қазаннан қараша,желтоқсан,қаңтар және 15 наурызға дейін 0,5 тонна 2500 тенге);
3 3) ауыз су қызметтері 1 адамға 1 айға 45 теңге;
4 4) телефон қызметтері 1 айға 440 теңге;
5 5) газ қызметтері 1 айға 1000 теңге;
Барлығы 1 айға 1 адамға коммуналдық шығындар мөлшері жылумен- 4219 теңге 45 тиын, жылусыз -1719 теңге 45 тиын.
3 3. Қаржыландыру және төлеу.
5 5. Бағдарлама әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.
6 6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға әлеуметтік төлемдер «Аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» ай сайынғы ұсынылған тізімінің негізінде
төленеді.