Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 51
- Дата принятия
- 28.01.2008
- Показанная редакция
- 28.01.2008 · действующая 37672_180647.kaz
- Последнее изменение
- 28.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08NF000072
- Идентификатор ЭКБ
- 37672
- Идентификатор редакции
- 37672_180647
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:08
0 Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (Аманкелді ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 28 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-66 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2008 жылғы 7 қаңтардағы 1-2 нөмірінде жарияланған) № 20 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
1 1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
2 2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
3 3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;
4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 546 теңге көлемінде;
5 5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде;
6 6) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне коммуналдық қызмет түрінің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек әр адамға 21636 теңге көлемінде;
7 7) Дербес зейнеткерлерге біржолғы көмек жылына бір рет 30000 теңге көлемінде;
2 2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
3 3. Төмендегілер белгіленсін:
1 1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;
2
2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркеу де болған жағдайда ғана тағайындалады;
3 3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
4 4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;
5 5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 546 теңгеден тағайындалып, төленеді;
6 6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сый ақы әр адамға 5000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерінің 3 түрі:
электр қуаты – ай сайын бір адамға 416 теңгеден жылына 4992 теңге;
салқын су – ай сайын бір адамға 137 теңгеден 1644 теңге;
қысқы отын – көмірдің тоннасы 5000 теңге, 3 тоннасы 15000 теңгеден бір адамға жылына бір рет төленеді;
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша керекті қаржы жылына бір адамға барлығы – 21636 теңгені құрайды.