Перейти к тексту документа

Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы

Постановление · № 15 · принят 21.01.2008
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 16.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-37727/on/2026-08-16/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы Действует Постановление ·№ 15 ·21.01.2008
Редакция от 21.01.2008
Редакция, действовавшая на 16.08.2026: от 21.01.2008. Это последняя редакция в корпусе.

Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы

Действует Постановление ·№ 15 · по состоянию на 16.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
15
Дата принятия
21.01.2008
Показанная редакция
21.01.2008 · действующая 37727_330950.kaz
Последнее изменение
21.01.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08TG000080
Идентификатор ЭКБ
37727
Идентификатор редакции
37727_330950
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:12

0 Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне шектеу белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мақат ауданы аумағындағы Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесіне түлкі хайуанынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу белгіленсін.

2

2. Аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) індет ошағында мүдделі ұйымдармен бірлесіп, құтыру ауруына қарсы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитарлық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысына сәйкес тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру ұсынылсын.

3 3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (келісім бойынша), аудандық орталық емханадан (келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын алу жұмыстарын жүргізу сұралсын.

4 4. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі бұралқы ит, мысықтармен күдікті жыртқыш аңдарды жою Ескене поселкесінің әкімі Г.Аманиязоваға жүктелсін.

5 5. Шектеу белгіленген Батыс Ескене жеріндегі «Сайпем» акционерлік қоғамының пайдалануындағы жер учаскесінен мал өнімдерін, шикізаттар шығаруға тиым салынсын және аталған шараларды қатаң бақылауға алу аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбдиевке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Мақат аудандық инспекциясының
бастығы Ұ.Ташимов
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Ж.Сағиев
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық орталық емханасының
бас дәрігері Б.Оңдасынов
24.01.2008 жыл
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Н.Кушенов
24.01.2008 жыл

Действующая