Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 15.01.2008
- Показанная редакция
- 15.01.2008 · действующая 37902_321935.kaz
- Последнее изменение
- 15.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08KM000042
- Идентификатор ЭКБ
- 37902
- Идентификатор редакции
- 37902_321935
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:14
0 Әлеуметтік жұмыс орындарды
ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы №148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 149 Заңдарына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қала, кент және селолық округ әкімдері «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Б.М.Жұманбаев) тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
2
2. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен келісім шарт жасап, шартта міндеттер, жұмыс түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданатындарға Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде төленуі қамтамасыз етілсін.
3 3. «Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі» (Б.Қ.Ахметжанов) әлеуметтік жұмыс орындарына ораналасқан адамдарға бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
4 4. «Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 15 ақпанындағы № 42 қаулысының күші жойылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы қолданысқа 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.
«Келісілді»
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Б. Жұманбаев
15 қаңтар 2008 ж.
«Келісілді»
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Б. Ахметжанов
15 қаңтар 2008 ж.