Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
ҚАЗСайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
- Наименование (каз.)
- Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 79
- Дата принятия
- 30.03.2007
- Показанная редакция
- 30.03.2007 · действующая 38049_309381.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.03.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZD000040
- Идентификатор ЭКБ
- 38049
- Идентификатор редакции
- 38049_309381
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:53
0 Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қою жөніндегі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевтың, Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекенінің тұрғыны Сержанов Мыңбайдың 4 бас ірі қара малы құтырың ауырып өлгендігі жөніндегі хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық ветеринарлық зертханасының 30 наурыз 2007 жыл №1-4 сараптамасына сай Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекеніне құтыру ауруына шектеу қойылсын.
2 2. Құтыру ауруынын алдын-алу мақсатында төмендегі шараларға тиым салынсын:
1 1) Сайқын ауылдық округінің «Тайғара» елді мекенінен малдарды шығаруға және кіргізуге;
2 2) Ауыл шаруашылығының малдарын жергілікті ветериналдық инспекторының рұқсатынсыз амалсыз союға;
3 3) Ірі қара малын бір жерге шоғырыландыруға, айырбастауға және сатуға;
4 4) Ірі сабақты мал азығын, шөбін басқа жаққа шығаруға;
5 5) Ауру малдың сүтін пайдалануға.
3 3. Мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевке сау малдарды құтыру ауруына вакцинациялау, ауру малдарды аластату, және тағыда басқа жұқпалы аурулардан өлген мал өлекселерін ветеринарлық-санитарлық ережелерге сай өртеп жою заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
4 4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (А.Батыров) адамдар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын алып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын қадағалау Сайқын селолық округінің әкімі Ш.Ишангалиеваға, аудандық аумақтық басқармасының бастығы Л.Уалиев, мемлекеттік ветериналдық бас инспекторы Ж.Султанғалиев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Батыров жолдастарға тапсырылсын.
Келісілді:
ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық
Аумақтық инспекцияның бастығы Л.Ж.Уалиев
Келісілді:
Бөкейордасы аудандық санитарлық
Эпидемиологиялық қадағалау
Басқармасының бастығы А.Т.Батыров